17 тамыз 2017, 23:30
      Денсаулық 29.11.2013, 17:35 1 пікір 1522 просмотров

      Атырауда құтырма ауруы көбейді

      «Тұрғындарға сапалы антирабиялық көмек көрсету және құтыру ауруының алдын алу шаралары» тақырыбында өткен семинар-сабақтың мақсаты – сапалы және уақытылы құтыруға қарсы профилактикалық көмек көрсету, соның ішінде зардап шеккендерге антирабиялық екпенің дұрыс тағайындалуы. Семинарға департаменттің қалалық, аудандық МСЭҚ басқармаларының, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының мамандары, қалалық, аудандық ауруханалар мен емханалардың дәрігер-хирургтары және травматологтары қатысты.

      -         Облыс  бойынша үстіміздегі жылдың 10 айында 1267 адам антирабиялық  көмекке жүгініп, 100 мың  адамға  шаққандағы  көрсеткіш – 228, 2 болса, бұл өткен жылдың 10 айымен  салыстырғанда 7,4 пайызға көбейіп отыр. Антирабиялық көмекке жүгінгендер есебінен иесі белгілі иттерден зардап шеккендер – 55,5 пайыз, белгісіз иттерден – 34 пайыз, белгілі мысықтардан – 2,6 пайыз, белгісіз мысықтардан – 1,0 пайыз, жабайы аңдардан – 0,8 пайыз, ауылшаруашылық иелігіндегі малдарынан – 4,8 пайыз, басқа жануарлардан – 1,1 пайызды құрады. Бүгінгі күні елімізде құтыру ауыруына ешқандай ем табылмай отырғандықтан, осы аурудың алдын алудың бірден-бір жолы - жануарлардан зардап шеккен адамдар дер кезінде медициналық көмекке жүгінсе, оның өмірін сақтауға толық мүмкіндігіміз бар, - дейді ҚР ДСМ МСЭҚК Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Өмірзақ ЗИНУЛЛИН.

      Семинарда белгілі болғандай, Атырау облысының аумағында құтыру ауруының белсенділігі Құрманғазы, Жылой, Исатай, Қызылқоға аудандарында. Сол секілді үстіміздегі жылдың 10 айында жануарлардың құтыруға күдікті 31 жағдайы Мақат ауданынан басқа барлық аудандарда және Атырау қаласында тіркелген. Атап айтқанда, Жылыой  ауданында ірі  қара  малдар арасында 3 жағдай, Исатай ауданында қой-ешкі арасында 1 жағдай,  Қызылқоға ауданында ірі қара малдары арасында 1 жағдай, қой-ешкі арасында 1 жағдай тіркелген. Ал, 2012 жылдың 10 айында жануарлардың құтыруға күдікті 9 жағдайы тіркеліп, одан 3 жағдайда ірі қара малынан Құрманғазы, Жылой, Исатай аудандарында құтыру диагнозы расталған.

      ҚР ДСМ МСЭҚК Атырау облысы бойынша департаменті облыс аймағының кез келген елді мекендерінде жүйелі түрде профилактикалық іс-шаралар кешені жүргізілмесе, құтыру ауруының  пайда болуы  мүмкін  екендігін  ескертеді.

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    __   __   __   _    __   __    ______  
      |      \\  \ \\/ // | || | ||  \ \\/ //  /_   _// 
      |  --  //   \ ` //  | '--' ||   \ ` //   `-| |,-  
      |  --  \\    | ||   | .--. ||    | ||      | ||   
      |______//    |_||   |_|| |_||    |_||      |_||   
      `------`     `-`'   `-`  `-`     `-`'      `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх