25 маусым 2017, 21:33
      Қоғам 27.11.2013, 17:42 5 пікір 1455 просмотров

      «Жас медиа» журналистердің басын қосты

      «Жас медиа» форумын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жастар ісі комитетінің қолдауымен «Қазақстан жас депутаттар ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жас-тар саясатын белсенді түрде жариялап жүрген әр өңірлердегі жас журналистердің, блогерлер мен азаматтық сектор өкілдерінің басын қосқан шара Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің 5 жылдығына арналды. 

      Үздіктер марапатталдыФорумының алғашқы күні жас журналистер арасында «Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда медианың рөлі» туралы қызу пікірталас өтті. Ал келесі күні Қазмедиа орталығында мәжілістік отырыста Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жастар ісі комитеті төрағасы Ғабидолла ОСПАНҚҰЛОВ, Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төраға орынбасары Арыстанбек НҰРМАХАНҰЛЫ, тұңғыш қазақстандық «Білім» атты білім беру арнасының директоры Ғазиза ЖАППАРОВА, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес хатшысы Айдын МҰРАТҰЛЫ «Сенің көзқарасың»  шығармашылық байқауы жеңімпаздарын марапаттап, жастар саясатын жүзеге асыру барысындағы жұмыстарды насихаттауда белсенділігімен танылған журналистер мен блогерлерге «Рахмет» сыйлығын табыстады.Баспасөз журналистері арасында «Рахмет» жүлдесін ақтөбелік Баян САРИЕВА, алматылық Мәдина ДӘЛЕКЕНОВА, көкшетаулық Жадыра ӘУБӘКІРОВА, өскемендік Азамат ҚАСЫМОВ, электронды БАҚ саласында 24.kz телеарнасы тілшісі Әйгерім АҚСАҚАЛОВА, BAQ.KZ ақпараттық агенттігінің журналист-редакторлары Майгүл СҰЛТАН мен Нұрсерік ЖОЛБАРЫС иеленіп, оларға дипломдар мен сыйлық сертификаттары ұсынылды. «Сенің көзқарасың» байқауы нәтижесінде «Үздік бейнеролик» аталымын Татьяна КУТАСОВА, «Үздік мәтіндік материал» аталымын Әлішер ШАЯХМЕТОВ жеңіп алды.Шеберлерден сабақ алдықМәжілістің сұрақ-жауап бөлімінде, әр өңірден келген журналистер өздерін толғандырған сауалдарға жауап алды.- Қазіргі таңда көріп жүргеніміздей, ұлттық бірыңғай тестілеуден құлап қалған талапкерлерді журналистика мамандығына қабылдап жүр. Яғни, мектеп бітіруші түлек дипломсыз қалмауы үшін журналистика мамандығына түсуді жөн көреді. Бұдан кейін журналистиканың қоғамдағы рөлі қандай болмақ?! Біздің бұл сауалымызға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі ақпарат және мұрағат комитетінің төраға орынбасары Арыстанбек Нұрмаханұлы төмендегіше жауап берді.- Бұл мәселені Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қарастыратын боламыз. Бұл орынды айтылған мәселе. Оң шешімін табады деген сенімдеміз. Жалпы осы форумда айтылған ұсыныстар мен қойылған сауалдардың жауапсыз қалмайтындығын қаперіңізге береміз.Форум аясында кәсіби мамандардың қатысуымен «Жастар арасындағы блогерлік», «PR және әлеуметтік желі», «Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы ақпарат алмасу» тақырыптарында шеберлік-кластары ұйымдастырылды.Екі күнге созылған медиа форум «Қазмедиа» орталығы бойынша экскурсия жасаумен аяқталды.

      Арай БАҒЫТЖАНҚЫЗЫ

      Атырау-Астана-Атырау

      Пікірлер

        • куншуак
        • 02.12.2013

        жас журналистерди жинаганы дурыс болган екен

        • акниет
        • 02.12.2013

        иа. журналистер мен блогерлер баскосса керемет отырыс болган шыгар

        • ануар
        • 02.12.2013

        жуырда отетин форум болса маган да айтындаршы

        • asl
        • 02.12.2013

        "рахмет" сыйлыгын мунайлы астаналыктар алмады ма

        • дархан
        • 02.12.2013

        жаксы жазылган. "Мунайлы астана" алга!

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___      _____      ___     __   __  
      | \  / ||   / _ \\   /  ___||   / _ \\   \ \\/ // 
      |  \/  ||  | / \ || | // __    | / \ ||   \   //  
      | .  . ||  | \_/ || | \\_\ ||  | \_/ ||   / . \\  
      |_|\/|_||   \___//   \____//    \___//   /_//\_\\ 
      `-`  `-`    `---`     `---`     `---`    `-`  --` 
                                                        
      
       
      Наверх