23 шілде 2017, 10:59
      Экономика 27.11.2013, 17:00 0 пікір 2002 просмотров

      «Көршілерден сүт сұрай тұрамыз-дағы»

      Рас, сүт те, қаймақ та, шұбат та, қымыз да өзімізден өндірілетінін айта кетуіміз керек. Бірақ, көп емес. Шырын мен судан босаған баклажкаларға сүтін, қаймағын, шұбатын, қымызын құйып, үлкен жолдың бойында тұрған қыз-келіншектерді қай облыстың да аймағынан көруге болады. Одан қалса, пойыздарда вагон жағалап жүргендер қаншама. Төрт түлік малды өсіруден ешкімге есе жібермегенбіз. Тіпті, осы сүт пен құртты ірімшік, шұбат, қымызды ешкімнен сұрамасақ керекті. Алайда, қазіргі дерек басқа. Мәселен, біздің облыста 146803 бас мүйізді ірі қара болса, одан сауатын сиыр 74505 бас екен. Бір қарағанда, біраз мал сияқты. Ал, өнімдеріне келетін болсақ, үстіміздегі жылдың 10 айында 49111 тонна сүт  өндіріліпті. Бұл да біраз сүт. Енді көп кешікпей, облысымызда отандық өндіріске кең өріс ашылмақшы. Голландиялық голштин-фриз асыл тұқымды сиыр кешені біздің аймақтағы ірі жобалардың бірі ретінде айтылуда. Ол іске қосылғанда облыс халқы сүт өнімдерінің 12  түрімен қамтамасыз етілетін болады. «1 Май» ЖШС-і тауарлы сүт фермасын ашу үшін «Атырау» ӘКК-мен бірлесіп жұмыс жасауда. Тауарлы сүт фермасы жұмыс істеген уақытта атыраулықтардың сүт өнімдеріне деген сұранысының 30 пайызы өтелмекші. Біле-білсек, облыстың сүт өнімдеріне деген жылдық сұранысы 90 мың тонна. -Қараша айының аяқ кезінде 200 бас сиыр әкелінеді деп белгіленуде. Олар қазір Америкадан Ресейдің Санкт-Петербург облысына жеткізілді. Жалпы, голштин-фриз тұқымды сиырлар тұрып тамақтанады, өріске жайылмайды. Сондықтан шаруашылықта жоңышқа, жүгері сияқты мал азықтары егіледі. Кешенде сауылған сүтті өңдейтін зауыттың да құрылысы аяқтала келді. Сүт осы жерден сауылып, 12 түрлі өнім дайын күйінде тұтынушыға ұсынылады. Әрине, жұмыстың іске асуына мемлекет  тарапынан субсидия берілуде. Сондықтан, осы жоба жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етіп, арзан азық-түлік өндіріледі. Бір қарағанда, бұл халықтың игілігіне қызмет ететін кешен болады, - дейді «1 Май» ЖШС директорының кеңесшісі С.Бисембаев өз сөзінде. Әрине, бұл жоба да іске асар, тәулігіне 10-12 тонна сүт өндірілер, оның бәрі жақсы. Бірақ, өнімнің  қалған түрлерін кім өндіреді? Әңгіме осында.Рас, нарықты отандық сүт және сүт өнімдерімен қамту күн тәртібінде бірінші кезекте тұр. Өйткені сырттан келетін сүт өнімдеріне тәуелділік әлі азаяр емес. Республикамызда халықты арзан, әрі сапалы отандық сүт өнімдерімен толықтай қамтамасыз ету үшін елімізде сүт қабылдау қосындарының аясын кеңейту керек дейді сарапшылар. Табиғи сүт шикізатын алу мақсатында салаға жылма жыл инвестиция құйып отырған «ФудМастер» компаниясы осындай қосындардың жұмыс жасауына айтарлықтай үлес қосып жүр. Сүт қабылдау қосындарын Францияда дайындалған 1-2, 1-6 тоннаға дейінгі сүт сақтайтын салқындатқыштармен қамтуда. Мәселен, қазір Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы облыстарында 173 шаруашылыққа 323 осындай салқындатқыш орнатылған екен. Республика статистика агенттігінің мәліметіне қарасақ, Қазақстанда жылына 4,8 миллион литрден астам сүт сауылатын көрінеді. Осы көлеммен барлық қазақстандықтарды сүт және сүт өнімдерімен қамтамасыз ету көзделуде. Дегенмен де, өнеркәсіпті өңдеуге ол сүттің 30 пайызы ғана жетеді екен. Яғни, сүт көлемі сауда жүйелері арқылы халыққа жететін түрлі сүт өнімдерін өндіру үшін мүлде жеткіліксіз болуда. Ендігі басты мәселе елімізде табиғи сүт жоқ емес, бірақ сүт шикізатын жарамды күйінде бір ортаға жинау үлкен қиындық тудыруда. Яғни, табиғи сүтті пайдаға асыра алмауымыз республикамызда импортқа тәуелді етуде. - «Мысалға, Еуропаны алсақ, ондағы сүтті қабылдаушы мен оны өткізушінің арасы 50 шақырымдай алшақтықты құраса, бізде сүт өндіретін орынға дейінгі  қашықтық 600 шақырымнан артық. Оған қоса сүтті жаңа сауған күйінде дер кезінде жеткізу керек. Сондықтан сүт көлемін ұлғайту үшін ауылды аймақтарда сүт қабылдайтын  қосындардың қатарын көбейту қажет, - дейді Қазақстан сүт одағының сарапшысы» Лидия Михеева. («Айқын, №205, 7.11.2013 ж.)«ФудМастер» компаниясы автоматты жуғышы бар сүт салқындататын «Рено», «Ман» маркалы көліктермен ұзақ жолдардан шикізатты өндіріске жарамды күйде әкелуде. Осыдан келіп сүт те бірқалыпты температурасын сақтайды. Және қосындарды салқындатқышымен тегін жабдықтап береді. - «Біз үшін ең басты нәрсе – шикізаттың сапасы. Сүттің микробиологиялық тазалығына мән береміз. Салқындатқыштардың көмегімен жаңа сауылған сүт 4 градусқа дейін салқындап, сол температурада сақталған күйі зауытқа жеткізіледі. «ФудМас-тер» компаниясы өнімін дайындамас бұрын әкелінген сүт біздің қатаң қадағалауымыздан өтеді. Сүтті жинап, оны тасымалдағанда гигиеналық нормалардың сақталуын талап етеміз, - дейді «ФудМастер» компаниясы сүт дайындау бөлімінің бастығы» Мәдина Валиева. («Айқын, №205, 7.11.2013 ж.)Иә, бізде өнім беретін мал да ауылда, шикізат та ауылда. Сондықтан, сиырлары көп ауылға сүт қабылдайтын құрылғылар орнатып, оны өңдеп шығару неге ескерілмеске. Махамбет және Исатай аудандарының өмірінен мысал келтірейік. Махамбет ауданында Көздіқара, Есмахан, Томан, Талдыкөл, Аққайың, Жалғансай, Исатай ауданында Ауқайраң, Есіркеп, Қызылүй, Жасқайрат, Шыныбек, Бегайдар, Айбас сияқты елді мекендер мен шағын селолар бар. Далада жыртылып-айырылатын сиырлар осы жерде жүр. Махамбет ауданында 205 шаруа қожалығы, Исатай ауданында 170 шаруа қожалығы тіркелген. Солардағы сиырлар жаз айларында бұзауларымен бірге жүреді. Арда емген бұзаулардың енесі сауынды сиыр болып есептеле ме? Неге осы ауылдың қыз-келіншектері күн сайын сиырды сауып, қабылдау орындарына өткізбейді? «ФудМастер» компаниясы сияқты сүт қабылдау қосындарын неге ашпасқа? Осы жерде айта кететін жайт Құрманғазы ауданындағы «Ганюшкин егін өнімдері» ЖШС сүт өнімдерін дайындап өңдейтін цех құрылысын жүргізуде. Жобанын құны 35,0 млн. тенге. Сірә, сүт индустриясын дамыту қаладан емес, қияндағы қорадан басталатынын түсінетін уақыт жетті. Тек, ауылдағы ағайынға қаржылай жәрдем керек. Олай болмаған жағдайда, көршілерімізден сүт сұрауымыз жылдан жылға жалғаса бермек...  

      Құттыгерей СМАДИЯР, «Мұнайлы астананың» арнаулы тілшісі. 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____     ___      _  __   __   __     _____  
        / ___//   / _ \\   | |/ //  \ \\/ //   / ___// 
        \___ \\  / //\ \\  | ' //    \ ` //    \___ \\ 
        /    // |  ___  || | . \\     | ||     /    // 
       /____//  |_||  |_|| |_|\_\\    |_||    /____//  
      `-----`   `-`   `-`  `-` --`    `-`'   `-----`   
                                                       
      
       
      Наверх