24 тамыз 2017, 10:59
      Қоғам 13.11.2013, 18:07 2 пікір 1896 просмотров

      Көшедегі сиыр кімдікі?

      Бүгіндері көше кезген иттердің қатарына қосылған сиырлар қоқыс-қалдық тастайтын жәшіктерді қопарып жүр. Оны қала тұрғындары да жоққа шығармайды.- Нағыз көлік жүретін жолда, әсіресе кептелістің уақытында сиырлар біздерге одан сайын кедергі. Сол үшін де қала ішінде малдарын жіберіп, жайбарақат отыратын олардың иелеріне қатаң ескерту жасау керек. Себебі бұған дейін көше кезген малдардың көлік апатын тудырған жағдайлары көп болды. Кептелісі көп Атырауда мұндай жөнсіздік қашан жойылады? - дейді олар.Тұрғындардың шағымынан кейін көшедегі жөнсіз жосыған малдарды ұстап, қамауға алатын «Арнаулы автобаза» КМК мекемесіне жол тарттық. Аталмыш мекеме қызметкерлерінің айтуынша, олардан қала ішіне бөлінген бригада қаланы қоқыстан тазартумен қатар, көше кезген жануарларды да бақылайды.  - Үстіміздегі жылдың айт мерекесі күндері қала көшелерінен 7 ешкіні қамауға алсақ, күні кеше 16 жылқыны тағы әкеліп қамадық. Бүгінде ол ірі-қараның иелері табылып, әкімшілік кодекстің баптарына сәйкес жауапқа тартылды. Яғни қалалық ішкі істер бөлімінің араласуымен ол малдың иелеріне 5193 теңге әкімшілік айыппұл салынды.Жалпы біздің мекемеде мал тиейтін арнайы техника, адам ресурстары, малды қамайтын орын, оның азығы және ол жерді тазалауға адамдар бөлінгенімен, оған керек қаржы мекеме шығындарында қаралмаған. Ал мекеме қорасына әкеліп қамалған малдың қожайындарына әкімшілік өндірулер салу еш нәтижесіз. Бұл мәселелер шешімін табу үшін штат бойынша қосымша жұмыс орындары да қарастырылуы керек. Өткен жылы «Прикаспийская коммуна» газетінің бір санында Қызылорда қаласында көше кезетін қараусыз малдарды қалай айыппұл тұрағына қамау тәжірибесі жарияланған болатын. Онда уақ малдарға 100 теңге, ірі қара малға 200 теңге айыппұл салынатыны айтылған. Осы тәжірибені біз де қолға алып, мәслихаттың шешімімен заңдандырылса, артық болмас еді, - дейді «Арнаулы автобаза» мекемесінің заң бөлімінің бастығы Нұрбол ЖҰМАЕВ. Осы мәселе бойынша облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №97-V шешімімен «Атырау облысының қалалары мен елді  мекендерінің аумағын абаттандыру» қағидасы бекітілген. Жалпы ережеде көрсетілгендей, осы қағиданы бұзған жеке және заңды тұлғалар ҚР-ның 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне және ҚР-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық орындарда қараусыз жайылып жүрген малдардың иесі жоғарыда көрсетілген кодекстің 387-бабына сай 20-40 мың теңгеге дейінгі айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін делінген. Ал қоғамдық тәртіпті бұзған жануарлардың иесін әкімшілік жауапкершілікке тарту құзыреті қалалық ішкі істер органдарына жүктелген. Қазіргі таңда олар «Арнаулы автобаза» КМК мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп қала көшелерінде жайылып жүрген кезбе жануарларды қоғамдық орындардан оқшаулау жұмыстарын жүргізіп отыр. Алдағы уақытта  да осындай қараусыз жүрген жануарларды ұстау ережесін қабылдау шаралары алынуда.

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА, Суретті түсірген автор

      Пікірлер

        • дархан
        • 02.12.2013

        жайылымның көркі ғой жүре берсін

        • ет жегиш
        • 03.12.2013

        оз аягымен келип турган согымды кугандарын калай??

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____   __   __    _____    _    _     _____   
        / ___//  \ \\/ //  /  ___|| | || | ||  /  ___|| 
        \___ \\   \ ` //  | // __   | || | || | // __   
        /    //    | ||   | \\_\ || | \\_/ || | \\_\ || 
       /____//     |_||    \____//   \____//   \____//  
      `-----`      `-`'     `---`     `---`     `---`   
                                                        
      
       
      Наверх