25 апреля 2017, 14:37
      Аймақ 30.10.2013, 18:11 0 пікір 1811 просмотров

      Атырауда қобызшылар байқауы өтті

      Облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған байқауға қала, аудандардан 15-35 жас аралығындағы қыл қобыз және қобыз номинациясы бо-йынша үміткерлер қатысып, бақ сынасты. Байқауда қазылар алқасы атынан сөз алған халықаралық республикалық байқаулардың лауреаты, «Елдің ықыласы» авторлық әндер және қобыз музыкасы туралы ғылыми мақалалардың авторы Ақнар ШӘРІПБАЕВА халықтың күйші-қобызшысы Ықылас ДҮКЕНҰЛЫНЫҢ қобызының күй құдіреті жөнінде әңгімелеп берді. Байқау екі кезеңде өтті: І кезеңде Ықылас Дүкенұлының күйлері орындалса, ІІ кезеңде үміткерлер өз қалауымен Қазақстан композиторларының шығармаларын орындады. Байқау қорытындысы бойынша, ІІІ орынды Құралай ПАЗЫЛОВА, Самал ҚУАНЫШҚАЛИЕВА, Эльмира ТӨЛЕУІШ, ІІ орынды Арайлым ҚИСАРОВА, Ақжарқын ОРЫНҒАЛИЕВА, І орынды Ақмарал НАУРЫЗОВА иеленді. Ал бас жүлдені Надира ТАСИМОВА қанжығасына байлады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай сайыстар жас таланттарды шабыттандырып, шеберліктерін ұштай түседі.- Байқаудың мақсаты – күйшінің шығармаларын кеңінен таныту, насихаттау болса, сол арқылы бүгінгі ұрпаққа қобыз өнерін таныту, талантты жаңа есімдерді іздеу, оларды қолдау, шығармашылық белсенділігін арттыру. Мұндай байқаулардың жас, өсіп келе жатқан қобызшыларға ықпалы өте зор. Бір таңқаларлық жайт, біздің облыста ер балалар қобыздың құдіретін түсінбей ме, әлде оны әйелге ғана тән аспап деп ойлай ма, қобыз тартуға қызықпайды. Облыста қобыз тартатын екі-ақ ер адам бар. Оның біреуі - кезінде Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық академияда дәріс берген, қазір зейнеткер Нариман СИРАЖЫ. Екіншісі - Дина Нұрпейісова атындағы музыкалық оркестрдің бас қобызшысы Максим МҰХАМБЕТҚАЛИЕВ. Облыста қобызды жасайтын шебер де жоқ. Тек тапсырыспен Алматыдан алдырамыз. Мүмкін сатылымда домбырамен қоса қобыз тұрса, «мен мынаны тартып көрейінші» деген қызығушылар табылар ма еді, - дейді облыстық халық шығармашылығы орталығының директоры Алма ӘЗИДОЛЛАҚЫЗЫ. 

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 __   __    ____     __   __  __    __  
          ___    \ \\/ //  |  _ \\   \ \\/ // \ \\ / // 
         /   ||   \ ` //   | |_| ||   \ ` //   \ \/ //  
        | [] ||    | ||    | .  //     | ||     \  //   
         \__ ||    |_||    |_|\_\\     |_||      \//    
          -|_||    `-`'    `-` --`     `-`'       `     
           `-`                                          
      
       
      Наверх