20 тамыз 2017, 15:50
      Қоғам 30.10.2013, 17:12 0 пікір 1906 просмотров

      Біздің әскер - кәсіби әскер

      Осы келісім-шарт қызметіне көшу жөнінде әңгіме бола бастағаннан-ақ қоғамдық пікір екіге бөлінгені рас. Кезінде әскери жазушы Тілеу КӨЛБАЕВ: - Шын мәнінде, кәсіби әскери жүйеден гөрі, жаппай Қарулы Күштер сапындағы сарбаздарды жоғары деңгейде дайындауға күш салуымыз керек. Басқа елдермен салыстырмалы түрде алғанда, біздің әскерилеріміздің саны аз. Сондықтан әскерилеріміз аз болса да, сапалы болғаны жөн. Онсыз да аз сарбаздарды бөле-жарудың да қажеті жоқ. Айта кетер жайт: қазір сарбаздар әскери міндетін бір-ақ жыл өтейді. Негізі, сарбаздар үшін бір жылдық мерзім аз. Өз басым олардың әскери борышын үш жыл өтеуін қолдаймын. Кеңес Одағы кезінде үш жылдық мерзім бекерден - бекер болған жоқ. Сарбаз үш жылда нағыз шыңдалған сарбаз болып шығады.  Дәл қазір бізге үшжылдық мерзім керек. Кәсіби әскерилерге жалақы төлеп жалдағанша, барша сарбазды талапқа сай дайындауға тырыс-уымыз керек. Кәсіби әскерилерге ғана емес, барша сарбазға әскери талапты міндеттеуіміз керек. Яғни жауапты істерде кәсіби әскерилерге ғана арқа сүйемей, кәмелеттік жасқа жеткен, жалпы әскери жүйе бойынша әскерге шақырылған сарбаздардың барлығы әскери қызметке сай болғаны жөн. Біз ол талапқа әскери борышты өтеу мерзімін созу арқылы жетеміз деп ойлаймын. Біз қазір кәсіби әскерилікке кім болса соның жалақы үшін өтіп кетпеуін қадағалауымыз керек. Өйткені олар үшін бірінші орында Отанға қызмет ету емес, сол қызметтің жалақысы тұрады. Бүгінде кәсіби әскер қатарындағы сарбаздардың көбі компьютерлік техниканы меңгермеген, ауылдан барған балалар. Сондықтан кәсіби әскери жүйеге қатысты осындай кемшіліктердің де айтылуы оның артықшылығынан гөрі кемшілігін көрсетеді деп ойлаймын,-деген еді.Қазір Қорғаныс министрлігіндегілер келер жылдан бастап келісім - шартпен әскери қызметке алынғандарға мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалатынын айтуда. Осы мәселе тұрғысында Атырау облыстық қорғаныс істері бойынша департамент бастығының орынбасары, әскери қызметке қабылдау және әскерге шақыру басқармасының бастығы, полковник Рашид Жалғасұлы НАУРЫЗБЕКОВКЕ арнайы жолығып, сөйлескен едік. - Бүгінгі күні әскери жүйеге енгізіліп жатқан келісім-шартпен қызметке қабылдаудың тиімділігі өте көп,- дейді ол. - Өздеріңізге белгілі, ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қорғаныс күштері Бас штабының бастығы Сәкен Жасұзақовтың 2016 жылы еліміздің әскері толықтай кәсіби деңгейге көтеріледі деп атап айтты. Қазірде әскеріміздің қазіргі құрамында келісім-шартпен келгендер саны 65 пайызды құрап отыр. Ал мерзімді әскери қызметтегілер саны 35 па-йыздан аспайды. Бұл қатардағы сарбаздар әскерге алынбайды деген сөз емес. Бұрынғыға қарағанда аз мөлшерде қабылданған олар, бірден әскери бөлімшелерге жіберілмей, алдымен, оқу орталықтарына қабылданады. Оқу орталықтарында БМП және танкілердің жүргізушілері, механиктері, кіші мамандары сияқты нақты мамандықтарды оқып-үйренеді. Содан кейін ғана әскери қызметін жалғастыруына болады. Қазіргі уақытта әскери әрекеттерді ұйымдастыру тәсілдері толықтай өзгерді. Заманауи жаңа техникалар мен қару-жарақтарды оқу-жаттығу кезеңдерінде ұтымды пайдалану үшін арнайы мамандар қажет. Осы мақсатта жоғары немесе орта және техникалық орта білімі барларды келісім-шартпен қызметке қабылдау уақыт талабы болып отыр десек артық айтқандық болмас. Тағы бір маңызды жайт - келісім-шарттағылар жоғары жалақымен және 2017 жылға қарай тұрғын үймен қамту толықтай шешіледі деп күтілуде. Білім алу жағы да оңтайландырылып жатыр. Келер жылдың қыркүйегінде Ұлттық қорғаныс университеті Щучинск қаласынан Астанаға көшіріледі, сондай-ақ келешекте Сержанттар институтын немесе Академиясын құру көзделуде. Онда офицерлер мен сержанттар 8 жылдық қызметінен кейін министрліктің есебінен білім алатын болады.

      - Рашид Жалғасұлы, өзіміздің өңірімізге ойыссақ... Бізде осы келісім-шартпен қабылданғысы келетіндердің шамасы қандай деңгейде?

      - Жаңа ереже болғандықтан, халық әлі де хабарсыз деп ойлаймын. Облыстан тілек білдірушілер көп емес. Сондықтан осы сәтті пайдаланып, сіздердің газеттеріңіз арқылы білімді азаматтарды, осы қызметті жан дүниесімен қалайтындарды әскер қатарында қызмет етуге шақырамын. - Ал сарбаз қатарына шақырылған жастарымыздың денсаулығына байланысты сараптау комиссиясынан өте алмайтынын көп естиміз. Сонда олар көбінесе қандай ауру түрлерімен ауырады?-  Рас, қазір жастарымыздың денсаулығы керемет дей алмаймыз. Атыраудың ауа-райынан да болар, әскерге жарайтындар саны аз. Көбінесе жүйке-психикалық, жүрек-қан тамыры, омыртқа, көз, құлақ, майтабан аурулары және кариес ауруларымен келушілер көп. Оларды біз жібере алмаймыз. Бұл - әлеуметтік мәселе. Әскери қызметші болғысы келетіндер кішкентайынан саулығын күтуі керек.

      - Сіздердің медициналық сараптау жүргізетін мамандарыңыздың ішінде отырған психологтар қызметіне жүгіну себептеріңіз неде?

      - Дұрыс айтасыз. Бізде бұрын болмаған психолог-дәрігерлер Арқанкерген оқиғасынан кейін тексеру жұмысына қатыстырылып жүр. Мұның қажеттілік екенін жоққа шығара алмаймыз. Себебі, қазіргі жастар өжет әрі қызба. Күнделікті суицидтік жағдайлар жаға ұстатуда. - Сіздің ойыңызша, осы Арқанкерген оқиғасынан кейін көптеген ата-аналар балаларын әскерге жібергісі келмей қалған жоқ па? Тәрбиелік бағытта нендей шаралар атқарасыздар?- Біз күзгі-көктемгі шақырулардан басқа уақытта ата-аналармен жұмыс жасаймыз. Мақсатымыз – балаларды мектеп жасынан бастап әскер тәртібіне үйрету. Керек десеңіз, олардың ата-анасы, көршісінің ой-пікіріне құлақ асамыз. Тіпті жергілікті жердегі учаскелік полициядан да баланың тәртібі  жайында мәлімет аламыз. Бұдан кейін жастар тіркеуде тұрған аудандарында медициналық тексеру мен психологиялық тестіден өтеді. Бұл сынақтан сүрінбей өткен жастар департаментке келгенде, тағы да медициналық бақылаудан өтіп, әскер қатарына алынады. Осыдан-ақ әскерге қойылатын талаптың қаншалықты күшейгенін байқауға болады.

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______     ___      _____     ______    _____   
       /_   _//   / _ \\   /  ___||  /_   _//  /  ___|| 
         | ||    / //\ \\ | // __     -| ||-  | // __   
        _| ||   |  ___  ||| \\_\ ||   _| ||_  | \\_\ || 
       /__//    |_||  |_|| \____//   /_____//  \____//  
       `--`     `-`   `-`   `---`    `-----`    `---`   
                                                        
      
       
      Наверх