22 сентября 2017, 14:02
      Экономика 17.10.2013, 13:25 0 пікір 14601 просмотров

      Несие серіктестігі тиімді екен

      «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасының басты мақсаты – аудандағы жұмыссыздар санын азайту. Осыған орай бағдарламаның басты бағыттары белгіленіп, жұмыс сол бойынша ұйымдастырылуда. Бірінші бағыт – инфрақұрылымды және тұрғын үй коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету; екінші бағыт – ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және ауылдарды дамыту; үшінші бағыт – жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту, қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу. Үшінші бағыттың мынадай құрамдас бөліктері бар: оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, кәсіби оқу, қайта даярлау, біліктілігін арттыру курс-тарын ашу, жастар тәжірибесі және жұмыс берушінің қажеттігі шеңберінде еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру. «Жұмыспен қамту – 2020» Жол картасы бағдарламасы шеңберінде екінші бағыты бойынша ауданда үш несие серіктестігі құрылып, жұмыс жасауда. Яғни «Шынтас», «Ақ ерке Ақ Жайық», «Айсанат» несие серіктестері бағдарламаға сай жұмыс жасауда. Мәселен, «Шынтас» несие серіктестігі өткен жылы 26 адамға 65 миллион қаражат алып берген. Үстіміздегі жылдың қыркүйек айында 65 адам кәсіпкерлік негізде оқу курстарында болып, 20 қыркүйек күні сертификаттарын алды. Осы айда ауданға қосымша 100 миллион теңге бөлінді. Яғни «Шынтас» несие серіктестігі ЖШС-на 39,5 миллион, «Ақ ерке Ақ Жайық» несие серіктестігі ЖШС-на 41,5 миллион, ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 19,0 миллион теңге игеріледі деп жоспарланса, күні бүгін «Шынтас» несие серіктестігі 14 қатысушы, «Ақ ерке Ақ Жайық» несие серіктестігі 15 қатысушы, ал «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ-на үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде №200 санды хатпен несие алуға 9 үміткердің тізімі жолданып, аталған қормен 7 үміткердің келісімі жасақталды. Сөйтіп, аталған бағдарламаға қатысушылар 100-ге жуық  жұмыс орындарын құруға мүмкіндік алды. Кәсіпкер Сағат Жұмахановтың көлік жөндеу орталығына және Нұрболат Есенғариннің газ құю стансасына электр желісін тартуға, Арайлым Сұлтанованың «Сұлулық салонына» су желісін жүргізуге көмектесті. Яғни осы мақсатта 10,5 миллион теңге қаржы бөлініп, кәсіпкерлердің нысандарына электр жарығы мен су жеткізіліп берілді. Үстіміздегі жылы ауданда осы бағдарлама арқылы бірнеше кәсіпкер несие алды. Кәсіпкер Еркебұлан Мұхамбетов әжетхана қағазын өндіру цехын, ал Алмалы селосындағы кәсіпкер Жәниба Ғұбашева тәулігіне 10 мың дана нан шығаратын наубайхана ашуды жоспарлауда. Осы бағдарлама негізінде Рафаэль Салауатов Махамбет селосында телестудия ашуды қолға алуда. Кәсіпкер Альфия  Дәулетярова қонақ үй бизнесімен айналысуда. Ол осы мақсатқа 3 миллион теңге несие алған. Кәсіпкер екі қабатты ғимараттың тек бірінші қабатын қонақ үйге арнап, 7 бөлмені қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтағанды. Сөйтіп, 40 адамға арналған қонақ үй ашылып отыр. Ал таңдайлық Айман Есен 2012 жылдың қаңтарында «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына сай 1 миллион теңге несие алған болатын. Маңғыстау өңірінің қызы көп жылдан бері ұлттық киім тігумен айналысып жүрген-ді. Бұл күндері ол өз үйінен тігін цехын ашып, ауылдастарына өз өнімдерін ұсынуда. Биылғы жылдың мамыр айынан бастап оған аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы келісім-шарт  бойынша еңбекақы төленуде. Кәсіпкер тапсырыстың көптігінен ауыл тұрғыны Ақтиын Құмарованы қасына тігіншілікке алды. Әрине, кәсіпкерлік құры-лымдары ауданның негізгі саласы ауыл шаруашылығында да жеткілікті. Ауыл шаруашылығы құрылымдарын техника және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету мақсатында лизингі арқылы «ҚазАгроқаржы» АҚ филиалы арқылы төрт шаруашылыққа құны 170 миллион теңге болатын 6 трактор мен 7 ауылшаруашылық машиналары алынып берілді. Ал өткен жылы 2 трактор, 17 ауыл шаруашылығы машинасы алынған еді. Сондай-ақ «1 Май» ЖШС-нде еуропалық технологиямен жабдықталған 500 сиырға арналған сүт өндіру кешені салынуда. Бұл кешен іске қосылғанда, тәулігіне 10 тонна сүт әзірленетін болады. «АтырауАгроөнімдері» ШҚ-нда 425 миллион теңгенің 600 басқа арналған ешкі өсіру кешені мен сүт дайындау цехы салынуда. Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды инфрақұрылымдық жобаға жұмысқа орналастыру жағдайын қарастыруда. «Жұмыспен қамту – 2020» жол картасы бағдарламасының бірінші бағыты бойынша, аудан көлемінде 7 күрделі жөндеу жұмыстары жобасына 107 адам алу жоспарланып, ол бүгіндері іске асуда. Осының арқасында  Махамбет селосындағы «Алтын балық», «Шолпан», Ортақшылдағы «Балақай», Сарытоғайдағы «Балбөбек» балабақшаларын, сондай-ақ Жалғансай селосындағы «Шалқыма», Алға селосындағы «Алға», Талдыкөл селосындағы «Редут», Ортақшыл селосындағы «Самал», Сарайшық селосындағы «Сарайшық» селолық мәдениет үйлерін жөндеуде. - Әлеуметтік жұмыс орындарын ашқандар тұрақты жұмысшы алуға мән беруде. Мәселен, «Береке» тойханасы екі адамды, ал Альфия Дәулетярова үш адамды тұрақты жұмысқа қабылдады. Осы уақыт аралығында ауданнан кәсіби білім алуға 5 оқушы, қайта даярлауға 10 жұмыссыз, біліктілігін арттыруға 5 жұмыссыз, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 24 жұмыссыз, жастар тәжірибесіне 15 жұмыссыз қамтылды. Соңғы екеуіне 8 миллион 125 мың теңге қаржы бөлінді, - дейді аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы Айзада Бисенова өз сөзінде. Иә, ауданда кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді. Оларға қолдау көрсетілсе, жұмыс барған сайын қызатын түрі бар. Жақында ауданда «Даму» ҚДҚ АҚ-ның Атырау облысындағы филиалдың директоры Е.Қайранбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облысындағы филиалдың директоры Т.Мамырбаев және «Атырау» ӘКК ҰК-ның директоры А.Тасымовтар болып, кәсіпкерлерге берілетін қолдауды түсіндіріп берді. Әрине, ауданда несие серіктестіктері әлі де аздау. Оны барлық селолық округтарда құрған жөн-ау деп ойладық. 

      Құттыгерей СМАДИЯР,«Мұнайлы Астананың» арнаулы тілшісі. 

      Махамбет ауданы. 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    ______   _    _      ___     __   _   
       /_   _//  /_   _// | || | ||   / _ \\  | || | || 
         | ||     -| ||-  | || | ||  | / \ || | '--' || 
        _| ||     _| ||_  | \\_/ ||  | \_/ || | .--. || 
       /__//     /_____//  \____//    \___//  |_|| |_|| 
       `--`      `-----`    `---`     `---`   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх