23 маусым 2017, 7:51
      Аймақ 02.10.2013, 18:03 0 пікір 2627 просмотров

      Доссорлықтар неге дүрлікті немесе 104 жыл болған пәтердің тұрғыны

      Кенттің көлеңкелі тұстары

      Қазақ мұнайының қара шаңырағы саналатын Доссор кенті бір барған адамға әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы күн санап жақсарған, сән-салтанаты келіскен кент болып көрінері сөзсіз. Алайда мұнда да шешімін күткен күрмеулі проблемалар жетерлік екен.Кентке барғанымыз сол еді, қолдарына бір бума қағаздарын ұстаған тұрғындар қарсы алды. Барлығы да - тозығы шыққан үйлерде тұрып жатырған 4-ауылдың тұрғындары. Не іргетасы, не шатыры жоқ бұл үйлердің салынғанына ғасырға жуық уақыт болыпты. Төбелері опырылып, құлауға шақ тұр. Әр жерден тіреулермен ұстатылған. Қысы-жазы ылғал тартқан үйлерде жаңбыр жауса болғаны жер-жерден су кетеді. Осындай көріністерден шаршаған болса керек жұрт қаймықпады да, қысылмады да. Тартқан тауқыметтерін тартынбастан жайып салды.

      Тұрғындардың талап-тілегі

      Марина КЕНЖЕҒАЛИЕВА 1947 жылы салынған үйде 20 жылдан бері тұрып келеді.- Жеті баланың анасымын. Тұрмысымызға көңіл бөліп жатырған адам табылмайды. Үлкен балам өкпе аурулар ауруханасында тіркеуде тұр. 1 жас 8 ай және 1 жасқа толмаған балаларым бар. Мынадай қабырғалары жарылып, бел ортасына дейін жерге еніп кеткен үйде тұрып жатырған олар да сырқатқа шалдығады ма деп қорқамын. Басшылыққа бардым. Үй салынған кезде бірінші кезекпен берілетіндігін айтты. Алайда салынып жатырған үй көрінбейді. Ауыз су жайы да бірыңғайланған жоқ. Сонда қашанға дейін бұл жалғаса береді? – дейді көп балалы ана. Ал Шара ЕРҒАЛИЕВАНЫ жасы сексенге таяған анасының жағдайы алаңдатады екен.-  Мұнайшылар мөлтек ауданында анам Бұрыш ШӘУДІРОВА тұрады. Ол тұрып жатырған үй 1909 жылы салынған. Яғни 104 жыл толған. Барак типті бұл үйдің бір жағы солайымен құлап қалған. Екінші шетінде менің анам тұрып жатыр. Едені шіріп кеткен. Төбесі болса тіреумен тұр. Өткен әзірдегі жауған жаңбыр үйдің ішін көл қылғаны бар. Әр кез солай болып жүр. Бүгінде анамның жағдайымен әкімдіктегілер таныс. Бірақ мәселе шешімін таппай отыр. Доссор мұнай кен орнының 100 жылдығына орай тұрғын үй салынады ма деп күткен едік. Салынбады. Мерекеге байланысты тек Доссорға кіреберістегі үйлерді әктеп-сырлап қойғаны болмаса, біздің жағдайымызды ешкім ескеріп жатырған жоқ, - дейді ол. Әкімдіктегілердің құр уәдесінен шаршаған зейнеткер Жұма СҮЛЕЙМЕНОВА былай дейді.- Бұл үйлер 2005 жылы суға кеткен еді. Сол кезде су астында қалғандардың тізіміне осы үйлердің бәрін тіркеді. Бірақ баяғы жартас, бір жартас. Кезінде Доссор, Мақат мұнай-газ өндіру басқармаларында қызмет етіп, зейнеткерлікке шыққанмын. 7 баланы өмірге әкелген «Алтын алқа» иегерімін. Жағдайымыз болса мынадай. 1945 жылы салынған төбесі, іргетасы жоқ үйде тұрып жатырмыз. Үй салынса беріледі. Әкімдікке барған сайын осылай деп шығарып салады. Тұрмысымыз қашан түзеледі екен?Ал Сәния КИТУЕВАНЫҢ айтуынша, ол 1990 жылдан бері үй сұрап арыз жазып келеді. Бірақ ол арыздардың бірде-біреуі тіркелмеген. Тек 2005 жылдағы арызы бойынша тізімде тұр екен. Он сегіз жан бір шаңырақ астында тұрып жатырғандығын тілге тиек еткен «Алтын алқа» иегері 4-ауыл тұрғындарының мұң-мұқтажын аудан, облыс басшылары ескеріп, көңіл аударғандарын қалайды. Біз кездескен Зұлпыхар МҰҚАНОВ, Бибігүл ШАЛАУОВА, Тілекқабыл ДЕМЕШОВ, Беркінжан ЖОЛМАҒАМБЕТОВ, Руслан МЕҢДІҒАЛИЕВ, Жаңылсын АМАНТАЕВА, Күнзира БЕРТІЛЕУОВА, Рысты ҚАЗИЕВАНЫҢ да тұрғын үйлерінің сиқы осындай.

      Басшылар бас қатырып жүр ме?

      Жергілікті жұрттың арыз-шағымынан соң Доссор кенті поселкесі әкіміне хабарласқанымызда, Есенжан ТӨЛЕШҚАЛИЕВТАН төмендегідей жауап алдық.- Қазіргі таңда Доссор кенті бойынша тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімі 600-ден асады. Аталған тұрғындар аудандық тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінде тұрғын үй кезегінде тұр. Сондай-ақ 4-ауылдың жеке тұрғын үйлерінен басқа да көп пәтерлі бір қабатты барак үйлер де ескі және апатты жағдайда. Көп жылдан бері тұрғын үй мәселесі шешімін таппай келеді. Себебі, тұрғын үй салу үшін қаражат қаралмағандықтан, ескі және апатты тұрғын үйдің тұрғындарын үймен қамтамасыз ету мүмкін болмай тұрғандығын қаперіңізге беремін.

      Арай БАҒЫТЖАНҚЫЗЫСурет автордыкі 





      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___      _____     _____     ______  
       /  ___||   / _ \\   / ____||  |  ___||  /_____// 
      | // __    | / \ || / //---`'  | ||__    `____ `  
      | \\_\ ||  | \_/ || \ \\___    | ||__    /___//   
       \____//    \___//   \_____||  |_____||  `__ `    
        `---`     `---`     `----`   `-----`   /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх