28 шілде 2017, 10:53
      Аймақ 02.10.2013, 17:44 0 пікір 2304 просмотров

      Бала құқығы аяқасты болмауы тиіс

      «Ювеналды әділет» - барлық дүние жүзінде  кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотпен байланысты әділет, яғни сот әділдігі деген мағынаны білдіреді. Ювеналды әділет балалар құқығын қорғауға және баланың қылмысының алдын алуға бағытталған. Оның рөлі мен мәні құқық бұзушы жас жеткіншекті қоғамға қайтару, дұрыс жолға салу. - Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сот болғаннан кейін, оларға қатысты қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істі, сол сияқты кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы жасалған әкімшілік-құқық бұзушылық істерді де ювеналды әділет қарайды. Облысымызда жасөспірімдердің қылмыстық істері жиі кездеседі. Олардың көбісі - ұрлықпен ұсталып, кейбіреулері адам тонауға қатысқандар. Ал бізге келіп түскен қылмыстық іс жан-жақты қаралып, зерттеледі. Үлкендер тарапынан ол баланың мінезіне әсер ету немесе үгіттеу жағдайлары болады. Сол себепті, алдымен, оның қандай жағдайда қылмыстық әрекетке барғандығы қаралады. Кәмелеттікке жасы жетпегендерге жаза тағайындағанда да бас бостандығынан айырудан гөрі, айыбын жеңілдетуге тырысамыз. Мысалы, жеңілдететін мән-жай ретінде жасы кәмелетке толмаған сотталушының жеке басы, жанұясы, тұрмыс жағдайы, оның өмiрi мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейi, жеке басының өзге де ерекшелiктерi, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалы, іс бойынша жәбірленушімен қарым-қатынасы, жәбірленушіге көмек көрсетуі, қылмыспен келтірілген залалдың өтелуі, жәбірленушінің соттағы позициясы, сотталушы жасының кәмелетке толмағандығы, тағы да басқа мән-жайлар ескерiледi.Біздің қазақта ізгілік деген түсінік бар ғой, сол ізгілікті ұстанамыз. Бірақ көп жағдайда сол «ізгілікке» ілінгендер қайтадан қылмысқа барып жатады. Ақыр аяғында қатаң жаза қолдануға тура келеді. Еліміз бойынша қабылданған заң талабы - осындай.Облысымызда кәмелетке толмағандармен құқық бұзушылар санатында 16-18 жас аралығындағы жеткіншектер көп кездеседі, олар оң және жағымсыз қылықтарға тез еліктейді. Және олардың қасында кәмелетке толғандары болған болса, оларға қатысты істі де біз қараймыз. Сөйтіп, тиісті іс-шаралар алынады. 

      -Кәмелетке толмағандардың қылмыстық істерін алдын алу үшін қандай шаралар атқарылуда?

      - Облысымызда кәмелетке толмағандарды қадағалау орындары бар. Солармен бірлесе отырып, атқарылған істер көлемінде бір тақырыпты алып, соны орган өкілдерімен талқылап, ұсыныстар енгіземіз. Қаламыздағы мектеп, техникум, колледждерге мамандарымыз барып, қылмыстық жауапкершілікке қатысты түсінік сабақтарын оқиды. Жалпы үстіміздегі жылдың 9 айында облысымызда кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне тұрғылықты жерін анықтау туралы талап арыз бойынша келіп түскен азаматтық істер саны - 9, талап арыздар саны - 24. Бұл бойынша арыздардың 22 - сі сот өндірісіне қабылданып, азаматтық іс қозғалды. ҚР Азаматтық Кодексінде көрсетілгендей, талап арызға оның құжаттары сай болмағанда, сот өндірісіне қабылдамай, қозғалыссыз қалдырамыз да, талапкерге белгілі мерзім ішінде талап арызға байланысты кемшіліктерді түзетуге уақыт береміз. Сол мерзім ішінде оны түзетсе, сот ол талап арызды қабылдайды. Кемшілік түзетілмесе, заң талабына сәйкес қаралмайды. Осындай екі арыз кері қайтарылды. Ал аталған азаматтық істің 25-і де қаралып, аяқталды.Бұл жерде тек қана баланың мүддесі қаралып, баланың құқығы қорғалатын болғандықтан, отбасының адвокат жалдауға толық мүмкіндігі де бар. Ал жағдайы келмейтіндерге бізге келгеннен кейін республикалық бюджеттен көмек ретінде адвокат жалдау үшін  жәрдемақы төленеді.  

      Психолог маман қажет

      -  Енді бір мәселе - психолог мамандарының жеткілікті дәрежеде болмауы. Өйткені бізге психолог маманы балаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық іс, азаматтық іс болсын, әсіресе, баланың тұрғылықты мекен-жайын анықтауға дау туған жағдайда өте қажет. Өйткені ол маман баламен сөйлеседі, мінез құлқын анықтайды, ата-анасының қайсысына бейімделгендігін зерттейді. Сосын барып өзінің қорытындысын береді. Сот отырысында психологтың қатысумен 10 жасқа толған баланың пікірі тыңдалады. Яғни маман ретінде психолог соттың ішінде отыруға тиісті, - дейді Балтуған АХМЕТҚЫЗЫ.

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _     _____     _____     ______   ______   
      | || | ||  |  ___||  / ____||  /_   _// |      \\ 
      | || | ||  | ||__   / //---`'   -| ||-  |  --  // 
      | \\_/ ||  | ||__   \ \\___     _| ||_  |  --  \\ 
       \____//   |_____||  \_____||  /_____// |______// 
        `---`    `-----`    `----`   `-----`  `------`  
                                                        
      
       
      Наверх