19 тамыз 2017, 9:46
      Қоғам 25.09.2013, 17:44 0 пікір 1763 просмотров

      Тағдырлы емес, талантты балалар

      Атырау облыстық балалар денсаулығын қалпына келтіру орталығы 2000 жылдан бері облыс көлеміндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға жан-жақты көмек көрсетіп келеді. Бүгінде ақыл-ой кемістігінің түрлі дәрежесі, психикасы мен тіл дамуының тежеулігі, логоневроз, аутизм, ДЦП, Дауна ауруымен 136 бала орталықта тіркеуде тұр. Жалпы денсаулығында кінәраты бар баламен жұмыс жасау оңай емес. Осы орайда олардың тілін тауып, қамқорлығына алып, ем-домын жасайтын тәжірибелі мамандар: логопед - дефектологтар, психологтар, дәрігерлер болса, ұлттық тәрбиені бала бойына сіңіруде хореография мамандары мен тәрбиешілер өлшеусіз еңбек сіңіруде. Жақында орталықта Тіл мерекесіне орай  «Ана тілің – арың бұл» атты танымдық шара өтті. Аға тәрбиеші Райхан БҰХАРОВА:- Осы шара арқылы балаларға Отанымызды, ұлттық салт-дәстүрімізді сүюді, ана тілімізді құрметтеуді үйретіп, оларға қазақ екенімізді ұғындырғымыз келді. Жоғары деңгейде өткізуге көмектерін аямаған ата-аналар мен орталық қызметкерлеріне алғысымыз шексіз,- дейді.Түрлі ұлттың биін билеп, жырдан шашу шашқан  өмірге құштар балалардың тағдырлы емес, талантты екеніне көз жеткізуге болады. Осындағы іні – қарындастарына әсем ән сыйлаған Назгүл МАКИМОВА мен «Жез киік» күйін төгілткен Нұрсәуле ДҮЙСЕНБАЕВА  ата-аналар мен балалардың құрметіне бөленді. Мерекелік көңіл-күй балалар жүзіндегі мұңды бір сәтке шетке ысырып тастағандай еді.

      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ   

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___       _____   _    _    _____    
       |__  //    / _ \\    / ___// | || | || |  __ \\  
         / //    / //\ \\   \___ \\ | || | || | |  \ || 
        / //__  |  ___  ||  /    // | \\_/ || | |__/ || 
       /_____|| |_||  |_|| /____//   \____//  |_____//  
       `-----`  `-`   `-` `-----`     `---`    -----`   
                                                        
      
       
      Наверх