20 тамыз 2017, 0:45
      Қоғам 25.09.2013, 16:56 0 пікір 1117 просмотров

      ЖАРЫҚҚА ЗӘРУ ЖАНДАР

      Жер телімін алып, баспаналарын осыдан 3-4 жыл бұрын салып алған тұрғындардың тірлігі алабөтен. Олар жарықтың жоқтығына алаң екен. «Ә» дегеннен қиқуға басқан тұрғындардың бірі былай деді: – Біздің жарықсыз отырғанымызға үш жылдан астам уақыт болды. Жарықтың бағаналары тартылып, желілері жүргізілген. Неге екенін қайдам, солай бола тұрса да, әлі күнге сығыраңдап, май шаммен отырмыз. Біздің мұңымызға құлақ түріп, бас ауыртып отырған тірі пенде болсайшы, шіркін?! Балаларымызды осы арадан 3 шақырым жердегі мектепке апарып оқытып жүрміз. Мұнайлы мекенде сіздерден басқа мұңымызды шағар ешкім болмағасын айтып отырғаным, -деді ағынан жарылған апамыз Рәзия ӨТЕПҚАЛИЕВА. 

      - Жарықтың бағаналары тартылып тұр. Оны өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Алайда осы бағандарды қыркүйек айының 4-і күні тал түсте тонап кетті. Оған өзіміз куәміз. Сонда дейміз-ау, жарықты қоспайтын болса, жарық бағандарын ұрлататын болса, несіне тұрғызды екен, -деп қапаланады Байдәулет ҚҰСАЙЫНОВ, Данияр ОҢАЛОВ, Кәмилә ҚОЖАМҰРАТОВАЛАР бірауыздан. Жергілікті тұрғындардың өкпе-ренішін арқалап Еркінқала селолық округіне барғанымызда округ әкімінің орынбасары Мұхтар ҚҰМАРҒАЛИЕВ әкімнің жоқтығын айтып бақты. Алайда телефон арқылы округ әкімі Ерғали ТАПАНҰЛЫНА хабарласқанымызда, қала әкімінің бұйрығынсыз біздің сөзімізге құлақ аспайтынын жеткізді. Жөн шығар. Себебі, басшысы бағдар бермесе, жұмысшысы жұмысқа қайдан жан салсын. Бірақ біздің байқағанымыз жаңадан бой көтерген Еркінқала-2 ауылында көптеген істер атқарылып жатыр. Мұны жоққа шығаруға болмайды. Мәселен, көгілдір отыны тартылу үшін жұмысшылар жұмылдырылған. Ал жарықтың мәселесі бойынша қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Серік  ЖҰМАШБАЕВҚА хат жолдағанбыз. Қалалық құрылыс бөлімі басшысынан «Еркінқала-2» елді мекеніне электр жарығын жүргізу жұмыстары толықтай аяқталып, қазіргі уақытта «Атырау - Жарық» АҚ мен құжаттарын рәсімдеу және қосу үшін дайындық жасалып жатқандығын хабарлаймыз» деген жауап келді. 

      Асан ҚАСАН, Сурет автордыкі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      ____      _____     _____   
        ____      / _ \\   |  _ \\   |  ___||  / ____|| 
       |    \\   / //\ \\  | |_| ||  | ||__   / //---`' 
       | [] ||  |  ___  || | .  //   | ||__   \ \\___   
       |  __//  |_||  |_|| |_|\_\\   |_____||  \_____|| 
       |_|`-`   `-`   `-`  `-` --`   `-----`    `----`  
       `-`                                              
      
       
      Наверх