26 маусым 2017, 6:09
      Денсаулық 20.09.2013, 18:52 0 пікір 1301 просмотров

      «ЭксонМобил» аппарат сыйлады

      С.Д. Аспендияров атындағы Қазақ Ұлттық Университеттің қарауындағы постдипломдық жоғары санаттағы врач-реаниматологтары В.А.Белоцерковский мен А.В.Кириченко Атырау облыстық ауруханасының қызметкерлеріне «Жасанды бауыр MARS» альбуминдік диализ аппараты және Адсорбер Alteco LRS қанды экстракорпоралды тазалау аппаратында жұмыс жасауды үйретті. Бұл аппарат «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясының демеушілік көмегінің арқасында сатып алынды.- Соңғы жылдары стационарларға гепатиттің ауыр түріне, бүйрек және бауыр ауруларына, асқынған хирургиялық ауруға шалдыққан науқастар, гестоздың ауыр түріне шалдыққан жүкті әйелдер, сонымен қатар ұзақ уақыт бойына антибиотиктер қабылдаудың салдарынан ағзаларында антибактериалды терапияға өте төзімді қоздырушылары дамыған сырқаттар келіп түсуде. Осы аурулардың барлығы полиорганды жетіспеушіліктің дамуына себепші болып, стационарларда өлімнің көбеюіне әкеліп соғады. Енді «ЭксонМобил Қазақстан ИНК.» компаниясы сыйға тартқан мұндай медициналық жабдықтарды қолдана отырып, осы іспеттес ауруларға шалдыққан науқастарды қысқа мерзімде емдеп шығару мүмкіншілігіне ие бола аламыз деген сенім зор. Аппараттар тасымалданады және күрделі жабдыққа бағынышты емес, сондықтан олар біраз клиникаларда, оның ішінде инфекциялық клиникаларда және перзентханаларда қолданылатын болады, - дейді Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Меңдіхан ӨТЕПҚАЛИЕВ.

      Ал «ЭксонМобил» компаниясының қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесшісі Гүлнәр НҰҒМАН:- Денсаулық сақтау саласы біздің компаниямыздың әлеуметтік жобаларының басты бағыттарының бірі. Өйткені, денсаулық сақтау саласының дамуы қоғамның жалпы хал-ахуалының басты көрсеткіштерінің бірі болып есептелсе, біздің компания сыйға берген аппарат Атырау өңірінің тұрғындарының денсаулығына орасан зор оң әсерін тигізеді деп сенеміз, - дейді. 

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,

      Суреттер автордыкі 

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____     ___    __    __     ___     _    _   
        / ___//   / _ \\  \ \\ / //   / _ \\  | \  / || 
        \___ \\  | / \ ||  \ \/ //   / //\ \\ |  \/  || 
        /    //  | \_/ ||   \  //   |  ___  ||| .  . || 
       /____//    \___//     \//    |_||  |_|||_|\/|_|| 
      `-----`     `---`       `     `-`   `-` `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх