16 тамыз 2017, 23:28
      Қоғам 11.09.2013, 18:30 0 пікір 1298 просмотров

      МАЛ ДӘРІГЕРЛЕРІ МАШИНАЛЫ БОЛДЫ

      Ауыл шаруашылығының қарқынды дамып, өркендеуі басты назарда тұрған келелі істің бірі еді, атыраулықтар үшін.  Шыны керек, тек қана мұнайымен «менмұндаламай», мал шаруашылығына да назар аударған жергілікті билік бүгінгі таңда келелі істерімен көрініп келеді. Соның бір дәлелі мал дәрігерлеріне, яғни ауыл шаруашылығына қолдау білдіргендіктері. Сонымен мал дәрігерлерінің көктен тілегені жерден табылды. Ғ.Дүйсембаев 64 «Нива» автокөлігінің кілтін мал дәрігерлеріне табыс етті. Жалпы, қуаныштарын жасыра алмаған білікті мамандар мұндай жағдай тарихта бұрын-соңды болмаған дейді бірауыздан.  -Құрманғазы ауданы облысымыз бойынша үлкен ауданның бірі. Мал саны да жетерлік. Елбасының Жолдауына, министрліктің жоспарына сәйкес кенжелеп қалған ауылшаруашылығын дамыту мақсатында жұмыстар жасалуда. Соның бір дәлелі дәл бүгін айқындалып отыр. Біздің ауданға 18 автокөліктің кілтін табыс етілді. Мұны мал дәрігерлеріне көрсетіліп отырған қамқорлық деп білеміз. Алдағы уақытта өз жұмысымызды жандандыра беретін боламыз. Жалпы, жұқпалы мал ауруларының алдын алу үшін, олардың таралмауын қадағалап, өзімізге міндеттелген жоспарды жасайтын боламыз, - дейді Құрманғазы аудандық мал дәрігерлік бөлімінің меңгерушісі, Бас мемлекеттік мал дәрігері Әлімбай ӘБДІРАХМАН. Білікті мамандар биліктің қамқорлығына разылықтарын білдіріп тарқасты. 

      Сурет автордыкі 

      Асан ҚАСАН


      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ____     _    _     ______    _____     ______  
       |  _ \\  | || | ||  /_____//  |  ___||  /_   _// 
       | |_| || | || | ||  `____ `   | ||__      | ||   
       | .  //  | \\_/ ||  /___//    | ||__     _| ||   
       |_|\_\\   \____//   `__ `     |_____||  /__//    
       `-` --`    `---`    /_//      `-----`   `--`     
                           `-`                          
      
       
      Наверх