23 тамыз 2017, 0:40
      Аймақ 11.09.2013, 16:58 0 пікір 1447 просмотров

      Сауда үйлеріндегі сәтсіздік

      «Атырау халқының мәдениеті өте төмен. Қызмет көрсету түрінің қай жеріне барсаң да, бетіңнен алған жап-жас қыз, не келіншек. Қарап тұрсам, халық сондай ашулы жүреді. Ал сауда үйлеріндегі сатушылардан өзің ығысасың. Атырау халқының «қызмет көрсету сервисі» туралы түсінігі әлі қалыптаспаған», -  деді бірде Батыс Қазақстаннан келген қонағымыз. Бұл біздің намысымызға тиді. Бірақ, мойындамасқа лаж жоқ. Енді редакциямызға қаламыздағы ірі сауда үйлерінің бірі «Атаба» сауда үйінің қызметіне көңілі толмаушылар хабарласты.  
       

      Альбина МИХАИЛҚЫЗЫ:-Өзім «Насиха» сауда орталығының маңында тұрамын. Ол жердегі «Атаба» сауда үйіндегі күнделікті жағдай осы. Төлем кассасында екі-үш кассир қыздар ғана отырады, ал олар тұтынушыларға қызмет көрсетіп үлгермейді. Ұсақ-түйек болса да айтайын,  қайтаруға 2-3 теңге таппайды. Бірақ оған қиналатын олар жоқ, орнына сіріңке бере салады. Бірде мен 2 теңге бережақ болғанда, кассир қыз менен оның орнына 5 теңге алып, ал 3 теңгесін қайтармады. Бұл әділдікке жатпайды. Оның үстіне тауар бағасы да қымбат.Нұргүл, тұрақты тұтынушы:-Қай кезде де артық ақшаны дұрыс қайтармайды. «Насиха» маңындағы «Атаба» сауда үйінде Любовь есімді жас қыз кассадағы тұтынушымен қалай жұмыс жасау керегін білмейді. Бірде ол маған 3 теңге бережақ болып, қайтаратын тиын жоқ деп отырып алды. Оның орнына тағы да сіріңке берді. Оны қайтем, үйімде тау болып үйіліп жатыр. Бір қызығы, кассада қайтаратын тиын болса да, ол «уақ жоқ» дей салады. «Тамшыдан теңіз құралады» демей ме?! Мен төлем кассасынан кетпей тұрып алғасын, ол амалсыздан сол тиынды шығарып берді. 
       

      Тамара АНАТОЛИЙҚЫЗЫ: -Бағалар өз орнында тұрмайды. Кассаға келесің, тауардың бағасынан шатасасың. Бағаны орналастыратын сатушылардың қайда қарайтынын түсінбеймін. Ал кассада отырған қыздар үлгермегенмен қоймай, тұтынушыға жылы қабақ та танытпайды. Жалпы «Атабада» бітпейтін бір кезек бар.Орыс халқында тұтынушының талабы қашанда жөн деген бар. Мәселенің мән-жайына қанықпаққа «Атаба» сауда үйіндегі әкімшілікке бас сұқтық. 
       


      Ұлан ИМАНКУЛОВ, «Атаба» компаниялар тобының маркетологы: - Кей жағдайда кассирлеріміздің тұтынушыларға қызмет көрсетуде үлгере алмай қалатынынан хабардармыз. Барлығына себеп – кассирлердің жетіспеушілігі. Бізде қазір бос тұрған орындар да кассирлік қызметте. Оған қызығушылар аз. Бірақ, біз тағайындап отырған жалақы мен қызмет көрсету түрі – нарықтық баға мен бәсекелестікте. Жалпы «Атаба» сауда үйіне шағымы барлар, мәселе туындаған мезетте 755255 немесе 755355 нөмірлеріне телефон шалып, мекен-жайын көрсетсе болғаны, біз сол мезетте аталған сауда үйіндегі директор немесе әкімшісіне хабарласып, жағдайды шешуге тырысамыз. Сол секілді үнемі кептеліс болатын мекен жайды да айтып хабарласа, кептеліс болатын уақытқа кассирлерімізді жеткілікті қылып отырғызуға мүмкіндігіміз бар. Бұл телефондар таңертеңгі 9-дан кешкі 7-ге дейін байланыста. Тіпті болмаса, кешкі 7-ден кейін хабарласа қалса, тапсырыс қалдыруға болады. Енді баға мәселесіне келсек, бізде ғана емес, нарыққа байланысты баға барлық жерде де өзгеріп тұрады. Егер тұтынушыларымыз тауардың бағасын қымбатсынса, бізде ол үшін дисконттық карта бар. Дисконттық карта арқылы тұтынушы қалаған уақытында әр тауарды 3 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Күнделікті өтімді тағамдарға акция да жариялап отырамыз. Бір ғана мысал, қыркүйектің 7-сі күні 2,5 (%) пайыздық «Мое» сүтін 28 пайыз жеңілдікпен 157 теңгеден саттық. Сүт сатып алатын тұтынушыларымыз бұл бағаның халық үшін өте қолжетімді екенін біледі. Саудадағы осындай жеңілдіктің бәрі тұтынушыларымызға ыңғайлы болуы үшін жасалып келеді. 


      Ұсақ-түйек болса да айтайын, қайтаруға 2-3 теңге таппайды. Бірақ оған қиналатын олар жоқ, орнына сіріңке бере салады. Бірде мен 2 теңге бережақ болғанда, кассир қыз менен оның орнына 5 теңге алып, ал 3 теңгесін қайтармады. Бұл әділдікке жатпайды.

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    _    _     ______     ___      _  _   
      |      \\ | || | ||  /_____//   / _ \\   | \| || 
      |  --  // | || | ||  `____ `   / //\ \\  |  ' || 
      |  --  \\ | \\_/ ||  /___//   |  ___  || | .  || 
      |______//  \____//   `__ `    |_||  |_|| |_|\_|| 
      `------`    `---`    /_//     `-`   `-`  `-` -`  
                           `-`                         
      
       
      Наверх