25 сентября 2017, 19:27
      13.09.2017, 15:50 0 пікір 139 просмотров

      Жер заңдылығын бұзғандар

      Атырау облысы Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жерді пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімімен ағымдағы жылы барлығы 477 жоспардан тыс тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 418 заң бұзушылық анықталған. Бұл туралы Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде айтылды. 

      418 жеке және заңды тұлғаларға әкімшілік іс қозғалып, 296 әкімшілік іс бойынша қаулы шығарылып, барлығы 57 млн. 832 мың 307 теңге көлемінде айыппұл салынған. Сондай-ақ, 418 жер заңдылықтарының бұзылуын жою туралы орындалуға міндетті нұсқамалар табысталған.

      Атырау облысы көлік прокуратурасының заң бұзушылықты жою туралы ұсынысымен «КазТрансОйл» АҚ-на «Киғаш» желілік өндірістік станциясында және Құлсары мұнайөткізу басқармасында барлығы көлемі 59,72921 га жер учаскесін заңсыз пайдалануларына сәйкес ӘқбтК-нің 136-бабымен әкімшілік істер қозғалып, барлығы 4 764 900 теңге айыппұл салынып, жер заңдылығының бұзылуын жою туралы нұсқама табысталған.

      Сондай-ақ, «Ритм Ойл» ЖШС, «Констракшн KZ» ЖШС, «Эко Техникс» ЖШС, «АвтомирАтырау» ЖШС, «Контакт Ойл» ЖШС, «Меркур Авто» ЖШС, «Вест Моторс» ЖШС, «Абылай-хан» ЖШС, «ТенгизИнтерМұнайгазҚұрылыс»ЖШС, «Қызыл Балық» ЖШС-тері уақытша өтеулі жер пайдалану құқықтарын уақытылы ұзартпай, мемлекет жерін заңсыз пайдалануларына сәйкес ӘҚБтК-нің 136 бабына сәйкес әкімшілік істер қозғалып, барлығы 2 949 700 теңге көлемінде айыппұлдар салынып, жер заңдылығының бұзылуын жою туралы нұсқамалар табысталған.   

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
      __    __    _____              _    _     _____   
      \ \\ / //  |  ___||   ____    | || | ||  |__  //  
       \ \/ //   | ||__    |    \\  | || | ||    / //   
        \  //    | ||__    | [] ||  | \\_/ ||   / //__  
         \//     |_____||  |  __//   \____//   /_____|| 
          `      `-----`   |_|`-`     `---`    `-----`  
                           `-`                          
      
       
      Наверх