25 сентября 2017, 19:27
      12.09.2017, 17:30 0 пікір 438 просмотров

      Қыс таяғанда жасотаулықтар жабырқайды

      Өйткені, Атырау қаласы Нұрсая ықшам ауданында орналасқан «Жас отау» жобасы бойынша салынған алғашқы 90 пәтерлік тұрғын үйдің осы күнге дейін шешімін таппаған кейбір мәселелері бар.

      Бірінші, жол мәселесі. «Айта-айта Алтайды, Жамал апа қартайды» дегендей, бұл мәселе айтыла-айтыла жауыр болды. Өйткені, жолдың жайсыздығы біраз айтылды, жазылды да. Нәтижесінде жол салынды. Алайда, өздеріңіз суреттен көріп отырғандай, не жаяу жүргіншілер жолы жоқ, не 90 пәтерлік үйге кіре беріске асфальт төселмеген. Тұрғындарды «жасалған шаруа неге аяқсыз қалды?» деген сауал мазалайды.

      Ал екінші мәселе – пәтерде жылу есептегіш құрылғы орнатылған болса да, жылу беру маусымы басталған уақытта, төлемақының пәтердің көлемі бойынша есептелетіндігі. Жылу есептегіш құрылғы іске қосылмаған және Жылу орталығы есептегіш құрылғыларды есепке алмай отыр.

      -         Жылу беру маусымы басталған кезде жылуға ай сайын бір бөлмелі пәтердегілер 6000 мен 7000 теңге аралығында, екі бөлмелілері 10000 теңгеден жоғары төлемақы төлейді. Ал жылу есептегішпен төлейтін болсақ, артық шығынымыз азаяр еді. Тоқсан үйде 90 жас отбасымыз, жас отбасылардың жағдайы онсыз да белгілі. Үйге салып жатырған ай сайынғы міндетті салымымыз да едәуір, - дейді жасотаулықтар.

      Айта кету керек, «Жас отау» жобасы бойынша алғашқы тұрғын үй осыдан 2 жыл бұрын тапсырылған болатын.

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____    _    _    _____       ___      _____   
       /  ___|| | || | || |  __ \\    / _ \\   / ____|| 
      | // __   | || | || | |  \ ||  | / \ || / //---`' 
      | \\_\ || | \\_/ || | |__/ ||  | \_/ || \ \\___   
       \____//   \____//  |_____//    \___//   \_____|| 
        `---`     `---`    -----`     `---`     `----`  
                                                        
      
       
      Наверх