25 сентября 2017, 19:27
      12.09.2017, 16:00 0 пікір 136 просмотров

      Атырау облысында «Сазанқұрақ» атты аллея ашылды

      Атырау облысына қарасты Исатай ауданы Аққыстау елді мекенінде «Сазанқұрақ» атты жаңа аллея «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылды.

       Аллеяның ашылу салтанатына аудан әкімі,   аудан аумағында орналасқан және осы аллеяны салуға атсалысқан мұнай-газ кәсіпорны "Сазанқұрақ" ЖШС басшылары, еңбек ардагерлері мен ауыл тұрғындары қатысты. Аллеяда ауданның өткен тарихы мен бүгіні туралы баяндайтын фотошежіре экспозициясы орналасқан.

      Атырау облыстық аймақтық коммуникациялар қызметінде хабарланғандай, биылғы жылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясындағы басты бағыттардың бірі «Туған жер» арнайы жобасы бойынша осындай екі жоба жүзеге асырылмақшы.

      Ауданда «Туған жер» арнайы жобасы бойынша жоспарлы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмақ емес. мәселен алдағы уақытта ауданда тарихи тұлғаларға ескерткіш белгілер орнатылмақшы.

      Жоба аясында Айбас құмында атақты күйші  Д.Нұрпейісованың келін болып босаға аттаған және саналы ғұмырын өткерген «Шәпек» обасына белгі орнату жоспарланған.

      Арайлым БАҒЫТЖАН

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____      ___       _____   __   __    ____    
       / ____||   / _ \\    / ___//  \ \\/ //  |  _ \\  
      / //---`'  | / \ ||   \___ \\   \ ` //   | |_| || 
      \ \\___    | \_/ ||   /    //    | ||    | .  //  
       \_____||   \___//   /____//     |_||    |_|\_\\  
        `----`    `---`   `-----`      `-`'    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх