25 сентября 2017, 19:28
      07.09.2017, 17:58 0 пікір 223 просмотров

      Атырауда АВА балаларды дамыту орталығы ашылды

      Алматыда орналасқан бас кеңсенің Атырау облысындағы филиалының ашылу салтанатына орталық кеңсенің басшысы Жанат Ахметова, дамуында ерекшелік бар балалардың ата-аналары,  бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатынасты. Сондай-ақ «Маленькая страна» қоғамдық қорының басшысы Ерлан Күмісқалиев, «Сана» қоғамдық қорының өкілдері келді.

      Ашылу салтанатында сөз алған Алматыдағы бас кеңсенің директоры Жанат Ахметова АВА балаларды дамыту орталығының ерекшелігіне тоқталды. Психикалық және сөйлеу қабілеті бұзылған, аутизмі бар балалардың ата-аналарына  сенім мен сабырлық тіледі.

      -          Дамуында ерекшелік бар балаларды АВА терапия арқылы оқыту – дәлелденген әдіс. Ава

      терапиямен оқыту арқылы балаларды қоғамға бейімдеп, өздері қатарлы балалармен бірге мектепке барып, білім алуына мүмкіндік жасаймыз, сондай нәтижеге жетуге тырысамыз. Биыл Ава терапиямен оқытылған балаларымыздың алдыңғы легі мектеп табалдырығын аттап, қуантты. Орталықта балалармен білікті дефектолог, логопед, психолог, ава-терапевтер айналысады, - дейді АВА орталағының Атыраудағы филиалы директоры Өмірлаззат Утебаева.

      Ең басты айта кетер жайт, Ава терапиямен екі жыл оқытылған балалардың алдыңғы легі биыл  орта мектеп табандылығын аттады. Міне, сондай нәтижелерді көзбен көрген ата-аналар  балаларының осы орталықта оқу арқылы денсаулықтарының қалыпқа келіп, қатарларынан қалмай орта мектепке баратынына сенімдері мол. Сондай-ақ ата-аналар орталықта балаларға барлық жағдай жасалуы үшін демеушілер қолдау көрсетсе нұр үстіне нұр боларын айтады.

      Айта кетейік, орталық Атырау қаласы, «Маслопром» аялдамасы маңында, Кулсаринская көшесі 33 ғимаратында орналасқан.

      Арай НҰҒЫМАНОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    _____     ______     ___      ____    
       \ \\/ //  |  ___||  /_   _//   / _ \\   |  _ \\  
        \   //   | ||__      | ||    | / \ ||  | |_| || 
        / . \\   | ||__     _| ||    | \_/ ||  | .  //  
       /_//\_\\  |_____||  /__//      \___//   |_|\_\\  
       `-`  --`  `-----`   `--`       `---`    `-` --`  
                                                        
      
       
      Наверх