25 сентября 2017, 19:17
      Технология 24.08.2017, 12:46 0 пікір 538 просмотров

      Мобильді қосымшалар - кәсіпкерлер үшін маңызды

      Қызылқоға ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен аудан орталығынан шалғай орналасқан Тайсойған және Қызылқоға ауылдық округтерінде «Кәсіпкерлікті қолдау мен сыбайластық тудыратын көлеңкелі бизнеспен күрес», «Wipon Pro - кәсіпкерлерге көмекші құрал» тақырыбында және «Чек талап ет – жүлдені ұтып ал!» республикалық акциясы туралы семинарлар өткізілді.


      Семинарға округ көлемінде, алкоголь өнімдерін бөлшек саудада өткізумен айналысатын, мемлекеттік лицензиялары бар дара кәсіпкерлер және тұрғындар қатысты.
      Семинар барысында басқарманың Салықты әкімшілендіру бөлімінің бас маманы Бекзат Сүйінов Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөнінде аудан көлеміндегі 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспары туралы жан-жақты түсіндірді.  Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін көтеру мен мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастыру, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының шағын және орта бизнес субъектілерінің жұмысына негізсіз араласу фактілерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізу, бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету, салық заңдылықтарын түсіндіру, кәсіпкерлік субъектілерінің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, оларды әкімшілік кедергілерді азайтуға бағытталған қызметке тарту, салық мәдениетін көтеру туралы сөз болды. Сонымен қатар, «Wipon Pro» мобильді қосымшасымен таныстыру рәсімін көрсетіп, оның мақсаты, маңыздылығы, қолдану жолдары туралы түсіндіріп берді. Оның айтуынша, есепке алу-бақылау таңбасының белгісіз бір үлгідегі және сәйкестендіруге келмейтін таңбасы бар алкоголь өнімінің айналымын әшкерелеу, сондай –ақ, жасырын алкоголь өнімдерін сатуды барынша азайту мақсатында «Вайпойнг» ЖШС-мен алкоголь өнімдерін көтерме және бөлшек саудада өткізетіндер үшін «Wipon Pro» жетілдірілген мобилді қосымшасы енгізілген.
      -Есепке алу бақылау таңбасындағы штрих-кодын сканерлеу арқылы жасырын алкоголь өнімінің айналымын анықтау үшін, «Wipon Pro» мобиьлді қосымшасы, Apple App Store мен Google Play Market-те жүктеу үшін, «Wipon Pro Scan» мобильді қосымшасы, Android негізінде лазерлі сканер орнатылған өнеркәсіптік мобильді компьютерлермен үйлесімді және Google Play Market-те осы жылдың тамызынан бастап, сонымен қатар Windows операциялық жүйесі бар дербес компьютерлер мен ноутбуктер үшін «Wipon Pro» бағдарламалық жасақтама тамыздан бастап www.wipon.pro ресми сайтында қолжетімді. Бұл қосымшалар кәсіпкерлердің өздері үшін өте маңызды. Себебі, кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін қалалардағы көтерме сауда орындарынан, тауарларды сатып алған кезде, алкоголь өнімдеріп тексеріп алуға мүмкіндіктері бар және жалған өнім анықталғанда мобильді қосымша арқылы Мемлекеттік кірістер органдарына
      шағым жібере алады, - дейді Б.Сүйінов. Шарада елімізде осы жылдың 1-мамырынан бастап  30-қараша аралығында өткізіліп жатқан жалпы республикалық «Чек талап етіп- жүлде ұтып ал!» акциясы, оның мақсаты, маңыздылығы, қатысу ережелері туралы да айтылды. Еске сала кетейік, аталған акция халықтың салықтық сауаттылығын дамыту,
      тұрғындар ақшалай есеп айырысқанда бақылау-кассалық машиналарын қолданудың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығын қоғамда қалыптастыру,
      тауарлардың, жұмыстардың, қызметтің тұтынушылары ретінде өз мүддесін қорғау мәселелері бойынша азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және
      көлеңкелі экономиканы көлемін азайту мақсатында ұйымдастырылған болатын.
      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _      ___     _    _     ______    _____   
      | \  / ||   / _ \\  | |  | ||  /_   _//  |__  //  
      |  \/  ||  | / \ || | |/\| ||   -| ||-     / //   
      | .  . ||  | \_/ || |  /\  ||   _| ||_    / //__  
      |_|\/|_||   \___//  |_// \_||  /_____//  /_____|| 
      `-`  `-`    `---`   `-`   `-`  `-----`   `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх