25 сентября 2017, 19:25
      Қоғам 24.08.2017, 11:37 0 пікір 338 просмотров

      Медиацияның маңыздылығы неде?

      Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Индер және  Исатай аудандарында «Этносаралық қатынастардағы медиация негіздері» және «Отбасылық медиация» тақырыптарында семинар тренинг өткізілді. Бұл туралы мекеменің баспасөз қызметі хабарлады.


      Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі жұмыс бағыттарының бірі- бұл медиация. Осыған байланысты жыл басында медиацияның бес саласы бойынша жұмыс жоспарланған. Соның бірі ретінде осы шара өткізілді. Оған аудандық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері, аудандық Аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, ауыл әкімдері қатысты. Қатысушыларға медиация туралы кеңінен ақпарат беріліп, отбасында туындайтын дауларды шешу және олардың алдын алу, отбасыларға жан-жақты көмек көрсету, психологиялық және заңды кеңес беру, некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тәсілдерді үйрету, болашақ келіншектер мен енелерге арналған тренингтер және отбасындағы дауларды медиация арқылы шешу секілді мәселелер талқыланды. Семинарға әр этностың материалдық, рухани құндылықтарын олардың әлеуметтік, саяси сипаттамаларын саралау, конфликт барысындағы түрлі әрекеттерін бағалау мүмкіндіктерін тусіндіру мақсатында арнайы Астана қаласынан білікті медиатор Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің медиация секторының меңгерушісі Жанар Усипбекова  шақыртылды.Семинар тренингтер барысында аудандарда бірқатар мәселелер қозғалып, қатысушылар өз пікірін ортаға салып ұсыныстарын білдірді. Индер ауданындағы Елтай ауылдық округінің зейнеткері, ауданның құрметті азаматы ТасқалиТемірболатов:

      -Осындай семинар тренингтер көп болып, халықты бір жақты бітімгершілікке тартып, екі жақтағы қандай да болмасын дауларды сот жүзінде емес, медиация тарапынан ауызбіршілікке келетіндей жағдай жасаса, халық арасында өзара достастық нығайып ертең күнге деген сеніміз ұлғая түсетіні сөзсіз,- деді.

      Сондай-ақ, Индер ауданы әкімі жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серік  Жұқиев осындай күрделі тақырыптағы семинар тренингті Индер ауданынан бастап, халыққа кең көлемде мағұлмат бергені үшін ұйымдастырушыларға өз ризашылығын білдірсе, Исатай ауданының мәдениет үйінің меңгерушісі С.Меңдіғазиев медиацияның қазіргі заман талабына өте қолайлы екендігін айтты. Исатай аудындық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Роза Карабалина Елбасының жолдауындағы осындай күрделі тақырыптардағы мәселелер осындай шаралардың арқасында аудандарымызда жиі өткізіліп тұрса деген ұсынысын білдірді.

      -Қазір жастарымыз кітап оқымайды, жаңалықтар тыңдамайды, көгілдір экран беттерінде көрсетілетін маңызды бағдарламаларға аса мән бермейді, сондықтан, осындай тәжірибе жүзінде видеороликтер мен көңілге қонымды баяндамалар арқылы көрсетілетін семинарлар жастарымыздың ойына - ой, жүректеріне иман ұялататына кәміл сенімдімін,- деді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы  сертификаттар табыс етілді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    __   __    ______     ___     _    _   
      |      \\  \ \\/ //  /_   _//   / _ \\  | \  / || 
      |  --  //   \ ` //     | ||    / //\ \\ |  \/  || 
      |  --  \\    | ||     _| ||   |  ___  ||| .  . || 
      |______//    |_||    /__//    |_||  |_|||_|\/|_|| 
      `------`     `-`'    `--`     `-`   `-` `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх