27 сентября 2017, 0:21
      Экономика 10.08.2017, 16:50 0 пікір 562 просмотров

      Жаңа логистикалық теміржол

      Осы жылдың 1 тамызынан бастап «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-гі барлық шығаратын өнімдерін жаңа логистикалық кестемен, яғни АМӨЗ- жаңа «Промышленная» стансасы - магистралды Теңдік стансасы арқылы жөнелтетін болады.


      Атырау мұнай өңдеу зауытының бұқарамен байланыс жөніндегі бөлімінің хабарлауынша,  «Промышленная» стансасы «Мұнайды тереңдетіп өңдеу кешені» құрылысының жобасы аясында және Атырау мұнай өңдеу зауытының көлік инфрақұрылымын дамыту жобасымен салынған. Жаңа айналма теміржолдыңоңтүстік-шығыс бағытымен іске қосылуы - Атырау өңірі үшін маңызды оқиға. Бүгінге дейін зауыт шығарылатын өнімдерін қала маңындағы «Ақжайық» стансасы арқылы тасымылдап келген еді. Зауытқа кіретін мұнай және шығатын мұнай өнімдері тиелген теміржол вагондары тұрғын үйлер шоғырланған қала ішімен жүргенде түрлі қауіпті күшейтіп, автокөлік қозғалысына да айтарлықтай кедергі келтіретін. Жаңа іске қосылған нысан - инфрақұрылымы заманауи талаптарға сай станса болып саналады. Сондай-ақ, қаладан қашық орналасқан алаңда қосымша булап жуатын станса мен ашық мұнай өнімдерін тактылы, яғни герметикалық  құятын эстакада құрылысы аяқталуда. Айналма жол тұрғын үйлер шоғырланған аумақтан алшақ орналасқан, әрқайсысының ара қашықтығы 1 шақырым болатын 11 жол айырығын және Атырау теміржол бөлімшесінің Теңдік стансасынан Промышленная стансасына дейін жалпы қашықтығы 14 шақырым болатын тораптық және кірме теміржолды құрайды. Жаңа стансаның жүк айналымы жобада көзделгендей бұрынғыдан бір жарым есеге артып, тәулігіне 300 вагонды өткізуді қамтамасыз етеді. Тәулігіне орта есеппен 17,5 мың тонна өнімді аттандыруға мүмкіндігі бар. Бұл тасымал жолы Атырау мұнай өңдеу зауытында соңғы жаңғыртудан кейін жылына өңделетін 5,5 млн. тонна мұнай өнімдерін тасымалдауды қамтамасыз етуге кепіл болмақ. Атап өткен жөн, жоба әуел бастан жергілікті экологиялық ахуалды оңалтуға бағытталған. 

      Айта кетейік, жаңа айналма теміржолдың  жобалық-сметалық құжаттамаларын «Харьков Промтранспроект» жобалау институты жасақтаған. Ал, түпкілікті тапсыру шартымен құрылысты жүргізген бас мердігер қазақстандық «ГлобалСтройСнаб» ЖШС (Алматы қаласы) компаниясы. Авторлық қадағалауды «Қазақ мұнай және газ тасымалдау институты» ЖШС-гі  жүзеге асырды.


       

      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____     ___      _  _     ______   __   _   
        / ___//   / _ \\   | \| ||  /_   _// | || | || 
        \___ \\  | / \ ||  |  ' ||   -| ||-  | '--' || 
        /    //  | \_/ ||  | .  ||   _| ||_  | .--. || 
       /____//    \___//   |_|\_||  /_____// |_|| |_|| 
      `-----`     `---`    `-` -`   `-----`  `-`  `-`  
                                                       
      
       
      Наверх