17 тамыз 2017, 23:25
      Экономика 26.07.2017, 17:44 0 пікір 278 просмотров

      Соңғы сөзді сот айтады

      Елбасының дамыған отыз елдің қатарына кіру бағытында жариялаған 100 нақты қадам - Ұлт жоспарында еліміздің сот жүйесіне тың серпін беретін өзгерістер енгізу жөнінде айтқан болатын. Содан бері сот саласында сот төрелігін жүзеге асыру жаңаша қарқын алды. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстарды қорытындылап кеңес өткізген Атырау облыстық соты алда тұрған міндеттерді саралады.


      Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин, облыстық соттың басшылығы мен судьялары, Соттар әкімшісі мен сот қызметкерлері, сондай-ақ, БАҚ өкілдері қатысты. Кеңесте сөз алған облыстық соттың төрағасы Марғұлан Бектұрғанов есепті кезеңде сот төрелігін жүзеге асыру сапасының, сондай-ақ, медиациялық және татуластыру рәсімдерін қолдану көрсеткіштерінің артқанын атап өтті. Күші жойылған сот актілерінің саны азайған. Облыс соттары Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстарды жүргізуде. Кеңес барысында сот алқаларының төрағалары Манат Көміршінов пен Тәтті Уәлиева қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпарат берді. Баяндамашылар 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында облыста барлығы 1 136 тұлғаға қатысты 1 013 қылмыстық іс қаралғанын, соның ішінде, 570 тұлғаға қатысты 510 қылмыстық іс үкім шығарумен аяқталғанын мәлімдеді. 17 тұлғаға қатысты ақтау үкімі шығарылған. Облыс соттарына 435 азаматтық  іс, 8821 талап арыз түсіп,  9256 іс пен талап арыз тіркелген. 9 169 азаматтық іс қарау аяқталған. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында облыс соттары барлығы 7 303 әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қараған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 2 322-ге азайған. Ал, медиаторлардың қатысуымен облыс соттарында 332 қылмыстық, 569 азаматтық іс қаралған. Судья әдебі жөніндегі комиссияның төрағасы Раиса Аққұлова және Оқу бағдарламалары бойынша үйлестірушісі судья Гүлнар Нұржігітова өздері басқарып отырған құрылымдардың жұмыс қорытындысы туралы ақпарат берсе, соттар әкімшісінің басшысы Гүлжан Жұмағалиева өңір тұрғындары «Сот кабинеті» ақпараттық сервисінің, оның мобильдік нұсқасының мүмкіндіктерін белсенді қолданып жатқанын, бұған қолданушылар санының көбейгені дәлел болып табылатындығын атап өтті. Кеңес жұмысын Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулин қорытындылады. Ол өңірдегі сот төрелін жүзеге асыру сапасы туралы айта келе, аяқталған қылмыстық және азаматтық істер санының артқанын, істердің уақытылы қаралатынын атап айтты. Оның айтуынша, өңір соттары «түрме халқы» индексінің төмендеуіне елеулі үлес қосып, ақтау үкімдері санының, тергеу судьялары қараған материалдар санының артқанын атады. Сонымен қатар, А.Рахметулин санкциялау жөніндегі материалдарды мұқият қарау қажеттілігіне аса назар аударуды және айыптаудағы кез-келген күмәнді күдіктінің пайдасына қарауды талап етті. Ол келісімдік өндіріс және рақымшылық жасау туралы заңды қолдануда жіберілген кемшіліктерді көрсетті. Сондай-ақ,   Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы азаматтық және әкімшілік істерді қарау сапасының төмендегенін, судьяның іс-әрекеттеріне қатысты 9 шағым келіп түскенін мәлімдеді. Осыған байланысты, А.Рахметулин судьялар әдебі нормаларының сақталуы, барлық істердің аудио-, бейнежазбаны қолдану арқылы қаралуына байланысты жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар беріп,  апелляциялық сот алқасы жұмысын күшейтуді тапсырды. Сонымен қатар, ол өз сөзінде Жоғарғы Соттың сот жүктемесін азайтуға, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастыруға және дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдануды кеңейтуге бағытталған жобалар негізінде алдағы уақытта сот ісін жүргізуді жеңілдету, судьялар корпусының кәсіби деңгейін арттыру бойынша басым міндеттерді айқындап берді. Кеңес жұмысының соңында «Үздік сот актісі» конкурсының нәтижесі хабарланып, мерейтой иелері – судьялар Гүлнар Қаженова мен Алмагүл Ерғазиеваға құрмет көрсетілді.  Индер аудандық сотының аға сот приставы Гүлфара Егізбаева «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, қаржы бөлімінің бас маманы Бижамал Сисенова II дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _               ______   _    _   
        ____    | || | ||   ____     /_   _// | |  | || 
       |    \\  | || | ||  |    \\    -| ||-  | |/\| || 
       | [] ||  | \\_/ ||  | [] ||    _| ||_  |  /\  || 
       |  __//   \____//   |  __//   /_____// |_// \_|| 
       |_|`-`     `---`    |_|`-`    `-----`  `-`   `-` 
       `-`                 `-`                          
      
       
      Наверх