23 тамыз 2017, 21:40
      Экономика 12.07.2017, 17:11 0 пікір 1114 просмотров

      Көкөніс бағасы арзандайды деп күтілуде

      2017 жылы Атырау облысының әкімдігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен суармалы су текше метріне  субсидиялау ставкасын 50-ден 85 пайызға  ұлғайту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.


       

      «Агро Феликс» шаруа қожалығының басшысы Енисей Юннің айтуынша, облыста суармалы судың текше метрінің бағасы өзіндік құны бойынша басқа өңірлерге қарағанда жоғары, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілеріне жайсыз болған еді, мемлекет басқа өңірлердегі сияқты  50 пайызын  төлеп келген. Уағдаластықтан кейін 2018 жылы облыс үшін суармалы суды субсидиялау ставкасын 85 пайызға көтеру шешімі қабылданды.

      -         Бұл шынымен де керемет жаңалық болды, өңірдің климаттық

      жағдайына байланысты 50 пайыз су шығынын жаппады. Бізде басқа облыстарға қарағанда қымбат. Президент экономиканы әртараптандыру қажеттігін атап өтті. Біз нақты шешімдер қабылданып жатқанына қуаныштымыз. Келесі жылдан бастап егіс алаңын ұлғайтамыз деп отырмыз, себебі субсидия 85 пайызға артады. Сондай-ақ әріптестерім соңғы тұтынушыға көкөніс бағасы да арзандайтынын   айтуда. Судың арзан, қолжетімді болғанынан барлығы да ұтады, - дейді ол.


      МА

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                   ___      ______   __   __   _    _   
          ___     / _ \\   /_____//  \ \\/ // | \  / || 
         /   ||  / //\ \\  `____ `    \ ` //  |  \/  || 
        | [] || |  ___  || /___//      | ||   | .  . || 
         \__ || |_||  |_|| `__ `       |_||   |_|\/|_|| 
          -|_|| `-`   `-`  /_//        `-`'   `-`  `-`  
           `-`             `-`                          
      
       
      Наверх