21 шілде 2017, 12:35
      Қоғам 12.07.2017, 17:08 0 пікір 410 просмотров

      Жастар арасында бизнеске бет бұрғандар көп

      Жуырда Индер ауданында жастар саясаты жөніндегі кеңес өтті. Кеңесте көптеген маңызды мәселелер талқыға салынды.


      Кеңесте алғаш боп сөз алған Индер аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы бойынша аудан көлемінде жасалып жатқан жұмыстары жөнінде баяндап, 2016 жылдың қорытындысы бойынша «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының Индер ауданы филиалымен бірлесе отырып өткізілген – 30 семинар кеңестің нәтижесінде жастар арасында кәсіпкерліктің дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

      Одан әрі сөз алған Индер ауданы ІІБ Жергілікті полиция өкілі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және атқарылған жұмыстары туралы баяндамасында аудан бойынша ішкі істер органдарында әр түрлі санаттармен 24 жасөспірім, 13 жайсыз отбасы есепте тұрғанын, осы сатыдағы есепте тұрғандардың тарапынан жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында мүдделі органдардың өкілдерімен бірлесе кешкілік уақытта мекен-жайларынан тексеріліп, профилактикалық жұмыстардың жүргізіліп жатқанын айтты.

       Сондай-ақ кеңес барысында биылғы жылы «Жасыл ел жастар еңбек жасағы» жұмысының б ауданда алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын айтылып, мамыр айында жасалған жұмыстардың қорытындысын, маусым айында жасалып жатқан және шілде-тамыз айларында жоспарланып отырған жұмыс бағыттары мен мәдени-көпшілік шаралары туралы есеп берілді.

      Жастар саясаты жайында болған кеңесті Индер ауданының әкімі Серік Бисешұлы түйіндеп, нақты тапсырмалар жүктеп, қорытындылады.

      Кеңесте баяндалған баяндамаларға назар сала отырып, аудан жастары арасында бизнеске бетбұрғандар қатарының артып келе жатқанын анық байқауға болады.

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____     __   __    ______     ___     _____    
      |  __ \\   \ \\/ //  /_   _//   / _ \\  |  __ \\  
      | |  \ ||   \ ` //     | ||    | / \ || | |  \ || 
      | |__/ ||    | ||     _| ||    | \_/ || | |__/ || 
      |_____//     |_||    /__//      \___//  |_____//  
       -----`      `-`'    `--`       `---`    -----`   
                                                        
      
       
      Наверх