20 тамыз 2017, 0:49
      Қоғам 29.06.2017, 14:58 0 пікір 177 просмотров

      Қазақстан полициясына – 25 жыл!

      Өткен аптада Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев қоғамдағы тәртіп пен тыныштықты қамтамасыз етіп отырған полицейлерді 25 жылдық мерейтойымен құттықтады. Мерекеге орай ұйымдастырылған шараға ішкі істер органы қызметкерлері мен сала ардагерлері қатысты.


      - Елбасының сарабдал саясатының нәтижесінде еліміз әлемдік қауымдастықта өзінің айшықты орнын алып отыр. 25 жыл ішінде Қазақстанға, өңірге ғана емес, бүкіл әлемге ықпал ететін шешімдер қабылданды. Полиция қызметкерлері де тәуелсіздіктің жемісін, жеңісін қорғап, Елбасы – Жоғарғы бас қолбасшы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандықтардың тыныштығын сақтау, қауіпсіздікті, тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын абыройлы атқарып келе жатыр, – деп атап өтті облыс әкімі.
      Шара кезінде қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген полиция қызметкерлері марапатталды. Жұбайдолла Дауешовке полиция полковнигі арнайы атағы, Андрей Карабасовқа мерзімінен бұрын полиция полковнигі арнаулы атағы, сондай-ақ Ринат Икласов пен Рауан Қасымжановқа мерзімінен бұрын полиция подполковнигі шендері берілді. Жиыннан соң Атырау облысы ішкі істер департаменті балық қорларына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес жөніндегі полиция бөлімінің жаңа ғимаратын салтанатты ашу рәсімі өтті. Мұнда департаменттің Арнайы даярлық басқармасы да көшірілген. Жаңа ғимаратты облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өзі аралап, танысып шықты. Мұнда полиция қызметкерлерінің оқу жаттығуы үшін  барлық жағдай жасалған. Ғимараттың алдындағы жағалауда су полициясының суда жүзу құрылғылары мен көліктерінің тұрағы ұйымдастырылған. Мерекелік шара кезінде жергілікті полиция қызметіне 50-ге жуық автокөліктің кілті табыс етілді.
      Гүлзада ҚОЖАБЕРГЕНҚЫЗЫ






      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______    _    _     _  _     ______     _____  
      |      \\ | || | ||  | \| ||  /_   _//   / ___// 
      |  --  // | || | ||  |  ' ||   -| ||-    \___ \\ 
      |  --  \\ | \\_/ ||  | .  ||   _| ||_    /    // 
      |______//  \____//   |_|\_||  /_____//  /____//  
      `------`    `---`    `-` -`   `-----`  `-----`   
                                                       
      
       
      Наверх