26 маусым 2017, 13:05
      Аймақ 14.06.2017, 18:30 0 пікір 533 просмотров

      Атырауда 97 түлек "Алтын белгі" тақты

       Бүгін Атырауда дарынды оқушылардың «Дарынды ұрпақ – ел болашағы» атты форумы өтті. Осымен төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отырған шараға мектеп бітіріп отырған үздік оқушылар қатысты.

      Олар "Алтын белгілері" мен ерекше үлгідегі аттестаттарын облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қолынан алды. Биыл облыста 97 оқушы "Алтын белгі" иегері атанып, 81 түлек үздік аттестатқа қол жеткізді.
      Шараға қатысқан аймақ басшысы үлкен өмірге аяқ басып отырған түлектерге ақ жол тіледі:
      "11 жыл бойы аянбай етілген еңбектің, ұстаздар мен ата-аналардың тәрбиесінің арқасында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атандыңыздар. Бүгін сіздерді үлкен өмір жолына шығарып салғалы отырмыз. Ақ жол тілеймін! Өмір даңғыл жол емес, кедергілері де бар. Бірақ әрақашан білімдеріңіз бен тәрбиелеріңізге сеніп еңбек ететін болсаңыздар, абыройлы боласыздар. Елбасының жолдауында, стратегиялық құжатарда көрсетілген Қазақстанның даму бағытына үлес қосатын – жас ұрпақ, яғни сіздерсіздер", – деді аймақ басшысы.  


      Ол сонымен қатар, білім беру жолында тер төгіп келе жатқан ұстаздар мен ата-аналардың еңбегін тілге тиек етіп, оларға рахмет айтты. 
      Айта кетелік, биыл облыста 4516 оқушы мектеп бітіріп отыр. Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқушылардың  алаңсыз білім алуы үшін осы жылы облыста 817 инертактивтік тақта, 111 мультимедиалық кабинет, 89 информатика кабинеті алынып жатыр. Бұған жергілік бюджеттен 1 милииард теңгеден астам қаражат бөлінген. Сонымен қатар, биыл аймақта 14 мектеп пен 11 балабақшаның құрылысы басталған.
      МА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __   _    _     _____    _    _             
       | |/ // | || | ||  / ____|| | || | ||   ____    
       | ' //  | || | || / //---`' | || | ||  |    \\  
       | . \\  | \\_/ || \ \\___   | \\_/ ||  | [] ||  
       |_|\_\\  \____//   \_____||  \____//   |  __//  
       `-` --`   `---`     `----`    `---`    |_|`-`   
                                              `-`      
      
       
      Наверх