22 сентября 2017, 13:47
      Мұнай 07.06.2017, 16:40 0 пікір 657 просмотров

      Қазақстан 2017- жылдың соңына дейін 80 млн. тонна мұнай өндірмекші

      Еліміздегі «қара алтын» қорын 76 миллиард тоннаға  жеткізуге мүмкіндік бар. Осыншама көмірсутегі шикізаты әлі де барланбаған тұз күмбезі астында, яғни, 5-12 мың метр тереңдікте жатыр. Сондықтан, қабат қойнауындағы байлықты ел иігілігіне жаратудың жаңа жолдарын қарастыру керек. Бұл туралы Атырауда өткен геологтардың халықаралық мәслихатында айтылды.

        Жиында белгілі болғанындай, еліміз 2017- жылдың аяғына дейін  80 млн. тонна мұнай өндіруді межелеп отыр. Мұнда іске қосылғаннан бері 3 млн. тонна қара алтын берген Каспий қайраңындағы «Қашаған» кенішінің де үлесі бар. Дегенмен, «Ембі» бассейніндегі көптеген кен алаңдарының қоры сарқылуға таяу. Болжам бойынша олардан әлі де 5,5 млрд. тоннадай алуға болады.  Алайда, оны өндіру үлкен күшке түседі. Сол себепті осы заманғы озық технологияны меңгерген мұнайшылар көмірсутегі қорының жаңа қорын  жасақтауға мүдделі.

      - Геологиялық барлауды оңтайландыруға арналған сандық технологияның өндіріске енгізілуі  қабат қойнауындағы кен көздерін анықтауға оң ықпалын тигізуде. Нәтижесінде, бұрынғы барланған көмірсутегі шикізатының қоры 3 есеге артып, 75-76 млрд. тоннаға жетті. Кен көздерінің басым бөлігі Каспий маңы ойпаты мен Каспий қайраңында орналасқан. Онда қанша қор барын анықтау үшін бұрғылау жұмыстарын 15 метр тереңдікке дейін қазып көру керек. Мұндай тереңдікке әлем бойныша әлі ешкім барлау жасаған жоқ. Біздің мақсатымыз тұз күмбезі астындағы мұнай қорын анықтау. Сондай-ақ, Қазақстандағы «қоры таусылды» делінген ескі кен алаңдарын да тереңірек зерттеу. Осы мақсатта халықаралық жоба жасақталып, консорциум құрылды,- дейді Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек ҚУАНДЫҚОВ.

      ҚР энергетика министрлігі. ақпараттық-сараптамалық орталығының директоры Асқар МҰНАРАНЫҢ айтуынша, бүгінгі таңда біздің елімізде 1,5 млрд. тоннадан астам игеруге қиын, тұтқыр қою мұнайдың қоры бар.

      -         Осы конференцияның мақсаты да сол мұнайды әртүрлі технологияларды қолдана отырып кәдеге жарату. Оны игерудің тәсілдерін қарастыру,- дейді ол.

      Соңғы 30 жылда ашылған «Теңіз», «Қарашығанақ»,  «Қашаған» секілді аса ірі кеніштердің іске қосылуы елімізді мұнай-газ қоры жөнінде әлемде үздік «ондықтың» қатарына шығарды. Енді тұз күмбезі астына бұрғы салынар болса,  «Үстірт-Бозащы», «Маңғышалық» бассейндерін қайта зерттеуге мүмкіндік туады. Сол кезде Қазақстан көмірсутегі шикізаты қоры жөнінен әлемдегі үздік «бестіктің» қатарына батыл енетін болады.

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  ______              ______   ______   
        ____     /_   _//   ____     /_   _// |      \\ 
       |    \\    -| ||-   |    \\    -| ||-  |  --  // 
       | [] ||    _| ||_   | [] ||    _| ||_  |  --  \\ 
       |  __//   /_____//  |  __//   /_____// |______// 
       |_|`-`    `-----`   |_|`-`    `-----`  `------`  
       `-`                 `-`                          
      
       
      Наверх