22 сентября 2017, 13:50
      Денсаулық 22.05.2017, 16:43 0 пікір 1359 просмотров

      Пышақсыз артық салмақтан айырады

      Атырау облыстық ауруханасында заманауи озық технологиялар кеңінен енгізіле бастады. Нәтижесінде, шетелге барып қана жасату мүмкін күрделі оталар жергілікті жерде де жасалып келеді.


      Соның бірі- мекеменің өз қаражатына сатып алынған, бағасы 20 миллионды құрайтын германиялық «Карл штортц» деп аталатын эндоскопиялық қондырғы адам ағзасындағы майды пышақсыз сылып алуға арналған. Әуел баста шетелдік мамандардың көмегімен жүзеге асқан жобаны бүгінде жергілікті дәрігерлер жақсы меңгеріп алыпты. Жалпы, күні бүгінге дейін облыстық ауруханада аталған жабдықтың көмегімен семіздіктің тақсіретін тартып жүрген 20-ға тарта адамға көмек көрсетіліпті.

      Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта осы проблемадан құтылғысы келетіндер арасында атыраулық дәргерлердің көмегіне әлі де жүгінетіндер өте көп көрінеді. «Себебі, адам бойындағы аурулардың басым көпшілігі семіздіктен пайда болады. Соның ішінде аса қатерлі инсульт ауруының 90 пайызы артық салмақтың әсерінен»- дейді олар.

      -         Адам жүдеп, артық салмақ кеткеннен кейін денедегі қан қысымы, жүрек қан тамырына түсетін салмақ азаяды. Яғни, жүректің жұмыс жасау ырғағы бірқалыптанып,  қан қысымынан арыла бастайды. Ал, семіздіктен арылғаннан кейін, бойда болуы мүмкін қант диабетінің белгілері де біртіндеп кете бастайды. Сөйтіп, науқастың саулығы түзеледі,- дейді облыстық аурухананың бас дәрігері Сайын ШОМЫРОВ.

      Айта кету керек, адам бойын артық салмақтан құтқаратын мұндай қондырғы еліміз бойынша әзірге Астанада, сосын Атырауда ғана бар.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___     _    _     _____    _    _   
       | |/ //   / _ \\  | || | ||  |  ___|| | |  | || 
       | ' //   / //\ \\ | || | ||  | ||__   | |/\| || 
       | . \\  |  ___  ||| \\_/ ||  | ||__   |  /\  || 
       |_|\_\\ |_||  |_|| \____//   |_____|| |_// \_|| 
       `-` --` `-`   `-`   `---`    `-----`  `-`   `-` 
                                                       
      
       
      Наверх