27 маусым 2017, 19:59
      Экономика 17.05.2017, 18:11 0 пікір 158 просмотров

      Терможаңғыртуға тұрғындар неге қарсы?

      Елбасының тапсырмасымен елімізде «2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы жүзеге асып жатқаны белгілі. Бірақ, жылы үй, жайлы өмірге кепілдік беретін осы бағдарлама басталғалы көңілі толмаған әр облыстың тұрғындары жиі шу көтеріп жүр. Олардың ішінде Атырау облысы да бар. Өйткені, осы бағдарлама аясында жөнделген үйлердің төбесінен су кетіп, бұрынғы кейпіне қайта келгенін жасырып қалу мүмкін емес.


      Жалпы, осы бағдарламаның тиімділігі неде еді? Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Қазақстандағы тұрғын үй секторы бөлінген жылудың бар болғаны 40 пайызын пайдаланады екен. Бұл бағдарламаның қажеттілігінің бір ұшы осында жатыр. Оған қоса, кезінде жекешеленген тұрғын үйлерді басқару үшін құрылған Пәтер иелері кооперативтерінің бүгінгі жай-күйі белгілі. Өз алдына шешілмеген мәселелері шаш - етектен. Олардың әбден ескірген үйлердің шатырынан бастап, жертөлесіне дейін жөндеуге шамалары жетпейді. Себебі, тұрғындардың осы ПИК-терге ай сайын төлейтін қаржысы  тек үйлерді тазалап, күтіп - ұстауға ғана жетеді екен. Сондықтан тұрғын үй қорын сақтап қалу үшін аталған бағдарламаның берері көп. Бағдарламаның шарты да тиімді. Мәселен, бір  үйге  күрделі жөндеу жүргізу үшін 40 млн.теңге қаражат қажет делік. Әлбетте, бұлқаражаттытұрғындардыңжинапбереалмайтыныанық. Ал, бағдарламааясындажөндеужүргізілетінүйлергереспубликалықбюджеттенқаражатбөлініп, жөнделгенүйлердіңтұрғындары  7-10 жыларалығында ай сайын  шамамен  3000 - 5000 теңгеаралығындажұмсалғанқаржыныпайызсызқайтаруынамүмкіндігі бар. Негізі Атырау облысында бұл бағдарлама белсенді басталды. Ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізіліп, келісім берген тұрғындардың үйлері бірінен соң біріне күрделі жөндеу жқмыстары жүргізіле бастады. Ал, әкімшіліктің тарпынан тұрғындардан қайтарылған қаражатқа басқа үйлерге  жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделді. Атап айтқанда, ескі үйлердегі тиекті арматураларды, жылу құбырларын, канализация, жертөледегі ыстық және салқын су құбырларын ауыстырылып, подъездерде домофонды есіктер орнатылды.Сонымен қатар, бағдарлама подъездерде стеклопакеттерді ауыстыру, үй төбесін  жөндеу, шатыр қондыру, тұрғын үйдің сәулеттік келбетін жақсарту үшін сыртқы қабырғаларды толық сырлау жұмыстарын жасау арқылы жылудың сақталуын қамтамасыз етті. Аталған бағдарлама шеңберінде 2011-2012 жылдары  Атырау қаласында  45 көппәтерлі тұрғын үй  жөндеуден өткізілді. Тұрғын үйлердің шатырлары жұмсақ шатыр - черепицаға ауыстырылып,  жертөлелердің инженерлік жүйелері ауыстырылып, үйдің кіре берістері сырланды. Ескі ағаш терезелер пластикалық терезелерге алмастырылып, домофоны бар темір есіктер орнатылды. Алмагүл ықшам ауданында 5 үйдің лифтілері ауыстырылса, 30 үйге жалпыүйлік  жылу есептегіш құралдары орнатылды. Ал,  жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының нәтижесі пәтер иелерінің тұрмысын, инженерлік инфрақұрылымның техникалық  жағдайын,  тұрғын үй қорының жағдайын жақсартты және  кондоминиум нысандарының келбетін өзгертті. Бірақ, іс осымен біткен жоқ. Тұрғындардың мердігер мекемелермен келіспеушіліктері орын алды. Мысалы, жөндеу жұмыстары  аяқталған  кезде тұрғындар мердігерден  жоба-сметалық  құжаттамада көрсетілмеген жұмыстарды талап етеді. Ал,  ол жұмыстарға қаражат қаралмағандықтан мердігер оны орындамауға құқығы бар. Мамандардың пікірінше, кеткен қаражатты қайтарғысы келмейтін тұрғындар осындай келіспеушіліктерге барған. Жасалған жұмысқа  қаражат қайтармау бертін келе өзекті мәселеге айналды. Сөйтіп, жылжымайтын ортақ мүлікті бабында ұстап тұруға кететін шығындарды төлегісі келмейтіндер қатары көбейді.Нәтижесі белгілі. Бұл бағытта  әкімдік тарапынан арнайы құрылған топтар ішкі істер органы қызметкерлерімен бірлесіп, пәтерлерді аралап, қаражатты қайтармайтын тұрғындарға сот алды ескертпелерді таратты. Мұнан басқа, әрбір пәтер иелерінің жұмыс орындары анықталып, олардың басшыларына хат жолданды. Сондай-ақ, ақша төлегісі келмей, жалтарып жүрген пәтер иелерінің тізімін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялады. Осылайша бағдарлама барысында жоғарыда атап өткендей түрлі келеңсіздіктер орын алды. Бағдарламаның орындалуына деген қарсылық әлі жалғасып жатыр деуге болады. Кезінде Атырау қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлермен қатар, аудандарда тек Құлсары қаласындағы үйлердің де бағдарламаға қатысатыны белгілі болған. Алайда, қазіргі уақытта құлсарылықтар терможаңғыртуға қарсылық білдіруде. Себебі, олардың ойынша жертөлелер мен подъездерді және шатырларды қалпына келтіру мүмкін емес. Бұл мәселенің осы уақытқа дейін шешілмеуі қаладағы бірде - бір үйдің келісім бермеуімен байланысты. Бірақ, тұрғындар тарапынан үйлердің төбесінен су ағатынына қатысты шағымдар көп түседі екен. Жекеменшік үйлерге бюджеттен қаражат қаралмағандықтан, сырт келбеті мен подьездері азып-тозып жатқан үйлергеосы терможаңғырту бағдарламасы керек - ақ. Бағдарламаның да өз талабы бар. Үй иелері жүз пайыз келісімдерін бермейінше жөндеу жүргізілмейді. Бүгінде қалада көпқабатты 223 үй бар. Оларға «Таза қала», «Нұрлы баспана», «Ізгі бастау» ПИК-тері қызмет көрсетеді. Бағдарлама түгілі, ПИК-тердің тұрғындармен келісімге келуі қиын. Тұрғын үйді күтіп ұстау үшін тұрғындар тиісті қаржыны түгел төлемейді. Айта берсе, таусылмайтын мәселелері жетерлік. Соған қарамастан, аудандық тұрғын үй инспекциясы қазір ПИК-пен терможаңғырту туралы келісімшартқа қол қоймаған тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ПИК құрушыларға құжаттарын заңдастыруға көмек көрсетуде. Бағдарламаның аяқталуына санаулы уақыт қалды. Алайда, аудандағы ахуал өзгерер емес.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    __   _      ___      _____   
       /_   _//  |  ___|| | || | ||   / _ \\   / ____|| 
       `-| |,-   | ||__   | '--' ||  | / \ || / //---`' 
         | ||    | ||__   | .--. ||  | \_/ || \ \\___   
         |_||    |_____|| |_|| |_||   \___//   \_____|| 
         `-`'    `-----`  `-`  `-`    `---`     `----`  
                                                        
      
       
      Наверх