22 сентября 2017, 13:57
      Аймақ 16.05.2017, 15:49 0 пікір 260 просмотров

      Облыс әкімі Ноғаевтың баспасөз қызметі атыраулық қарияның ұсынысына қатысты мәлімдеме жасады

      Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Аққыстау аулының тұрғыны Сағынғали қария облыс әкімі Нұрлан Ноғаевқа «крышасы» бар браконьерлердің көп екенін айтып, заңсыздықтан араша сұраған болатын.


       

      Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлағанындай, заңсыз балық аулау мен су маржанын көбейту жолындағы күрес бәсеңсімейді.

      «Екі ай ішінде елдің батысындағы үш облыста заңсыз ауланған 60 тоннадан астам балық пен 3 мыңға жуық балық аулау құралдары тәркіленді. «Бекіре- 2017» акциясының аясында барлығы 711 заңсыздық тіркеліп, оның 100-ге жуығына қылмыстық іс қозғалған.

      Балық санын көбейтуді мақсат еткен Жайық өзеніндегі «Яицкий» және Қиғаш өзеніндегі «Ганюшкино» каналдарын тереңдету жұмысының шешімі биыл табылған болатын. Бұл жұмыс балықтардың уылдырық шашуына қолайлы жағдай туғызып, су маржанының қыстайтын шұңқырларына жетуін оңайлата түспек. Аталған жұмыстар биыл үшінші тоқсанда басталады деп жоспарланып отыр. Жалпы, биылға дейін Жайық өзенінің 16 шақырымын тереңдету жобасы жүргенін айта кеткен жөн»- делінген хабарламада.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __    ______   __   __     ___     ______   
       | |/ //  /_   _//  \ \\/ //   / _ \\  |      \\ 
       | ' //    -| ||-    \   //   | / \ || |  --  // 
       | . \\    _| ||_    / . \\   | \_/ || |  --  \\ 
       |_|\_\\  /_____//  /_//\_\\   \___//  |______// 
       `-` --`  `-----`   `-`  --`   `---`   `------`  
                                                       
      
       
      Наверх