27 маусым 2017, 2:52
      Саясат 12.05.2017, 16:41 0 пікір 163 просмотров

      Халық игілігіне арналған сәтті жүйе

      Мемлекет басшысы халыққа арнаған жолдауында: «Сот жүйесі іс жүзінде ашық және қолжетімді, қарапайым, барлық дауды тез шеше алатындай болуға тиіс»-деп атап өткен болатын. Бүгінгі күні еліміздің сот саласында жаңа техналогиялық мүмкіндіктердің кеңінен пайдаланып, оған қарапайым халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету жолында бірқатар іс-шара жүзеге асып жатыр.Сондай сәтті іске асырылған жүйенің бірі «Сот кабинеті жүйесі». Қазіргі таңда Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына өткен жылы Сот кабинеті бойынша 11345 әкімшілік іс, 441 арыз қабылданған. Демек,облыс халқы электронды жүйені тиімді пайдаланып, уақыт үнемдеу жағынан ұтып отыр деуге болады.


      Осындай ақпарат берген Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі Жанаргүл Қиярова аталған жүйе туралы былай дейді.

      -Айта кету керек, қазіргі уақытта «Сот кабинетінің» тиімділігін көрсету мақсатында әрбір соттың кеңсе қызметкерлері мен құзырлы орын өкілдері бірлесіп, жаңа жүйенің тиімділігін, қолжетімділігін халыққа түсіндіру мақсатында көптеген жұмыстар атқаруда. «Сот кабинеті»-сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған біріңғай терезе.Бұл жүйе азаматтар мен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режимінде интернет сервисі арқылы электронды түрде талап арыз беруіне, шағым мен өтінішхатты жолдауына, істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндік береді.Аталған жүйені пайдалануды халыққа түсіндіру мақсатында облыс бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарында арнайы бұрыш бөлініп, қарапайым халыққа құжаттарын сотқа тапсыру үшін «Сот кабинеті» электронды ақпараттық жүйесін пайдалану ережелерін түсіндіретін маман арқылы келген тұрғындарға кеңестер берілуде. Электронды технологияларды қолданудың қаншалықты тиімді екенін қазір халық түсініп, «Сот кабинеті» арқылы түсетін құжаттардың саны күннен-күнге артып халық игілігі үшін жұмыс жасап келеді.Сонымен қатар, судьялар мен сот мамандарын қағазбастылықтан жеңілдетіп, сот актілерінің сапасын көтеруге, істерді қарау мерзімін жылдамдатуға және сот төрелігінің қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етуге жағдай жасап отыр. Яғни, мемлекет жасап жатқан осындай игілікті істердің барлығы қарпайым халықты сот жүйесінің жүйелі жұмысымен сот жүйесіне деген сенімін арттыру бағытында жүзеге асуда.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    _____       ___      ______  
       /_   _//  |  ___|| |  __ \\    / _ \\   /_____// 
         | ||    | ||__   | |  \ ||  | / \ ||  `____ `  
        _| ||    | ||__   | |__/ ||  | \_/ ||  /___//   
       /__//     |_____|| |_____//    \___//   `__ `    
       `--`      `-----`   -----`     `---`    /_//     
                                               `-`      
      
       
      Наверх