25 сентября 2017, 15:48
      Қоғам 12.05.2017, 13:02 0 пікір 226 просмотров

      Зияткерлік мектептің зиялы оқушылары айтыста саналы ой айтты

      Жуырда Назарбаев зияткерлік мектебінде оқушылардың дүбірлі айтысы болып өтті. Шарада аталған білім ордасының салтанатты сахнасы «Мәңгілік ел» атты тамаша декорациямен жабдықталған болса, ауласында алтыбақан құрылып, қазақша спорт түрлерінен ойындар өткізіліп жатты.


       

       

      Жалпы, ұлттық құндылықты насихаттауды бірінші орынға қойған зияткерлік мектептің шәкірттері үш тілде: химия- биология бағытында білім алады.

      Жиында сөз алған мектеп директоры Айдарбек Төлепұлы:

      -       Елбасы экономикалық реформаларды жариялады. Саяси реформаларға да кірісіп кеттік. Ал, енді мынау рухани өрлеу, рухани жаңғыруды біздің дамуымыздың ең басты тұғырларының бірі деп есептеймін. Шындығында, бүгінгі таңда біздің халқымыз үшін ежелден келе жатқан біздің салтымыз бен дәстүріміз, мәдениетіміз- біздің ұлттық кодымыз болып саналады,-  деді.

      Бұдан кейін зал толы ата-аналар мен шара қонақтары оқушы мен оқушының, оқушы мен ұстаздың, ата-ана мен оқушының айтысы сынды бірнеше жұптың айтысын тамашалады. Алқалы айтысқа мемлекет және қоғам қайраткері Р.Қ.Мүрсалиева, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Рысқалиев, айтыскер ақын Ш.Ізбасаров және белгілі журналист Н.Мақым қазылық етті.

      Байқағанымыз, айтысқа арқау болған «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы», «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім», «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы», «Зайырлы қоғам және жоғары руханият», «Ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім», «Ұлттық қауіпсіздік және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу», «Тәуелсіз Қазақстан және Астана» сынды мәселелер зияткерлік мектеп шәкірттері үшін аса қиындық тудырмайтындай. Өйткені, олар тапқыр қалжың, саналы оймен өрбіген айтыста азаттық, еңбек, білім секілді тақырыптарды еркін қозғады.Үш тілде білім алатын мектеп оқушыларының ана тіліндегі сөз саптауы мен тіл өрнектері көрермендерді тәнті етті. Олар өзара айтысу кезінде елімізде ғана емес, әлемде болып жатқан өзгерістерден хабардар екендіктерін білдіріп отырды.

      Қазылар алқасының шешімімен: Төлеген Мирас, Анел  Есбергенова, Ерсайын Нұрдәулеттер айтыста жүлдегер атанып, сертификаттар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. Зияткерлік мектептің тұрақты серіктесі болып табылатын Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті сөз додасына түскен үш ата- анаға домбыралар тарту етті. Ал, ынталандыру сыйлығы ретінде айтыстың барлық қатысушыларына ұлттық құндылығымыз- «Абай жолы» роман-эпопеясы тарту етілді.

      Осылайша, жаһандық аренаға ғылым мен техникадағы жетістіктерімен ғана емес, ұлттық бояуын сақтай ену – бүгінгі күннің талабы екендігін мақсат тұтатынын тағы бір дәлелдеген Назарбаев зияткерлік мектебі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аталған білім ордасында да үлкен сананың серпінін әкелгенін көрсетті.


       

      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                  _____    _    _     ______     _____  
          ___    |  ___|| | \  / ||  /_   _//   / ___// 
         /   ||  | ||__   |  \/  ||   -| ||-    \___ \\ 
        | [] ||  | ||__   | .  . ||   _| ||_    /    // 
         \__ ||  |_____|| |_|\/|_||  /_____//  /____//  
          -|_||  `-----`  `-`  `-`   `-----`  `-----`   
           `-`                                          
      
       
      Наверх