25 мая 2017, 16:44
      Денсаулық 06.05.2017, 0:09 0 пікір 694 просмотров

      Атырауда алғаш рет ангиограф қондырғысы сатып алынды

      Мидағы қан айналым жүйесін, жатыр мойны ісіктерін емдеуге мүмкіндік беретін, шетелден әкелінген ангиограф қондырғысының таныстырылымына Ұлттық нейрохирургия орталығының бөлімше меңгерушісі Ербол МАХАМБЕТОВ қатысып, жергілікті мамандарға медициналық қондырғымен жоғары мамандырылған қызмет түрін көрсетті.

      Ербол МАХАМБЕТОВТІҢ айтуынша, мидағы қан айналым жүйесін, жатыр мойны ісіктерін емдейтін мұндай ота түрі елімізде 2008-ші жылдан бері жасалып келеді.

      -        Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен еліміздің әр аймақтарында консультативтік- диагностикалық кеңестер жүргізіп келеміз. Жалпы, ангиограф аппараты жарылған ми- қан тамырларын ерте анықтауға көмектесетіндіктен, мұндай ота түрлерін келешекте дамыту үшін осындай заманауи жабдықтарды көбірек алу қажет деп есептейміз. Өйткені, статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде 1 жылдың ішінде 1200 науқастың миында қан құйылу жағдайы орын алады екен. Ал, Қазақстанда бір жылдың ішінде мұндай ауруға шалдыққан 4 мыңға тарта ота жасалынуы керек болса, ота түрі тек осы уақытта 500 науқасқа ғана жасалынады екен,- дейді ол.

      Облыстық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Марат ЕРБУСИНОВТЫҢ айтуынша,  ангиограф жабдығымен өңірімізде осы күнге дейін барлығы алты адамға ота жасалынған. Сондай- ақ, жасалған оталардың барлығы да осы көп функциялы технологияның арқасында сәтті аяқталып келеді.

      -        Дәрігерлерімізді заманауи жабдықпен жұмыс жасау үшін алдын- ала Ресейге, Италияға жіберіп, оқытып алдық. Олардың ішінде Атыраудағы медициналық колледжді тәмамдаған орта буын қызметкерлері де бар. Бүгін міне, ангиограф кабинетінің ашылуында Ұлттық нейрохирургия орталығынан жоғары санаттағы, білікті мамандары арнайы келіп, мамандарымыздың ота жасау процесіне қатысуда.

      Жалпы, елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейінгі жолдауларында әр салада жаңа технология енгізуді тапсырған болатын. Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражатқа сатып алынған заманауи медициналық жабдық мидағы қан айналым жүйесі мен жатыр мойны ісігі ауруына шалдыққан науқастарды ауруынан тезірек айығып кетуіне көмегін тигізеді деген сенімдеміз,- дейді Марат Есбусинов.

      Айта кетейік, ангиограф медициналық қондырғысын сатып алуға жергілікті бюджеттен 340 миллион теңге бөлінген.

      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ,

      фотоларды түсірген автор.


      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____    ______    _  _     ______    ______  
        / ___//  /_   _//  | \| ||  /_   _//  /_____// 
        \___ \\   -| ||-   |  ' ||   -| ||-   `____ `  
        /    //   _| ||_   | .  ||   _| ||_   /___//   
       /____//   /_____//  |_|\_||  /_____//  `__ `    
      `-----`    `-----`   `-` -`   `-----`   /_//     
                                              `-`      
      
       
      Наверх