18 тамыз 2017, 14:56
      Экономика 04.05.2017, 12:33 0 пікір 293 просмотров

      Жемқорлыққа қарсы қадам

       Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту үшін «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қабылданғандығы бізге мәлім.  Сондықтан мемлекеттік кірістер органдары мен ондағы лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде заңға сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге міндетті.


        Ал, сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік қағидасы мен этикалық мінез-құлық нормаларының қатаң сақталуы олар үшін басым бағыт. Бүгінде Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен 34 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілсе, оның ішінде 22-сін электрондық нысанда алуға болады. Осылайша қызметтің 65 пайыздан астам түрін салық төлеушілер  басқармаға келмей – ақ, өз үйінен немесе кеңсесінен және де «Электрондық үкімет» веб-порталы және  Мемлекеттік корпорация арқылы электронды нысанда ала алады.
      Атырау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарының міндетін атқарушы Э.Сисенованың айтуынша, әр қызмет түрі бойынша оны ұсыну уақыттары сақталуы тиіс екен.
      -Мысалы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы хабарлама бір жұмыс күні ішінде, салық берешегінің жоқтығы (болуы) туралы ақпарат, бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзіндісі екі жұмыс күні өткеннен кейін ұсынылады. Осыдан кейін салық төлеушілер үшін шешімнің «балама» жолдарын іздеу қажеттілігі болмайды.  Сондай-ақ, 1 мамырдан бастап қосымша құн салығын қою тәртібі жеңілдетіледі. Яғни, өтінішті «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» порталы, басқармадағы қызмет көрсету Орталығы арқылы беруге болады. Қосымша құн салығы бойынша тіркеу туралы өтінішті электронды түрде өңдеу мүмкіндігі - салық өтінішімен бірге ұсынылуы тиіс растау құжаттар тізімін алып тастауға және осы мемлекеттік қызмет түрін көрсету уақытын бір жұмыс күніне дейін қысқартуға мүмкіндік береді.
      Жоғарыда аталған барлық шаралар  мемлекеттік кірістер басқармасы жұмысшыларының салық төлеушілермен байланысын азайтуға әкеледі, ол теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлық қаупін азайтады,-дейді Э.Сисенова.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______    _  _    _    _   __    __  
       /  ___||  /_   _//  | \| || | || | || \ \\ / // 
      | // __     -| ||-   |  ' || | || | ||  \ \/ //  
      | \\_\ ||   _| ||_   | .  || | \\_/ ||   \  //   
       \____//   /_____//  |_|\_||  \____//     \//    
        `---`    `-----`   `-` -`    `---`       `     
                                                       
      
       
      Наверх