25 сентября 2017, 15:46
      Экономика 03.05.2017, 16:36 0 пікір 308 просмотров

      Жастарды жат діннен қалай сақтаймыз?

      «Жәрдем-Атырау» корпоративтік қоры және облыстық Дін істері басқармасы «Ақпараттық-талдау орталығы» ұйымдастыруымен  Махамбет ауданы, Бақсай ауылдық округіндегі Таңдай орта мектебінде «Жат ағым жарылқамайды» атты кездесу өтті.


      Кездесуге Атырау облыстық прокуратурасыныңаға прокуроры М.Хабибулин, Махамбет аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Г.Мұхтарова, Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мәжиев, «Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы Б.Убаев және Н.Жетпіспай,  «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин қатысты.Шараның мақсаты - діни тұрақтылықты нығайту, сауаттылықты арттыру, экстремизм мен радикализм идеяларының алдын-алу, дәстүрлі емес діни ағымдардың сипаттары бойынша ақпарат беру болып, кездесуде осы бағытта әңгіме өрбіді. Алдымен, Бақсай ауылдық округінің әкімі Қ.Мәжиев қазіргі кезде дін мәселесі өзекті әрі ауқымды екендігін айта келе, қатысушыларға осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, көкейдежүрген сауалдардың жауабын алуға шақырды. Ал, «Жәрдем-Атырау» КҚ-ның директоры Е.Жаулин:

      - Деструктивті ағымдар қай елді алып қарасақ та өз залалдарын тигізіп,тыныш елдің ынтымағын құртып келеді. Жат ағым ешқашан ешкімді жарылқаған емес олардың кесірі қоғам дертіне айналып кетті, - деп атап өтті. Шапағат» Деструктивтік діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» ҚҚ-ның теологы У.Убаев қазіргі уақытта асыл дініміз исламды ұстанып, дінге бет бұрып жатқандығы және олардың басым бөлігін жастар құрайтынын айтып, бір жағынан мұның жақсы екенін, екінші жағынан  - дәстүрлі дінмен мүлдем үйлеспейтін кейбір сан алуан пікірлер мен ұстанымдардың салдарынан туындайтын түрлі келеңсіз жәйттер жайлы еске салды. Оның ойынша,осы келеңсіз, түрлі пікірлерді дәстүрлі емес діни ағымның жетегінде жүрген адамдар туындатуда.Жалпы айтқанда, дін атын жамылған жат ағымдардың топтардың мүшелері діни сауаты төмен жастардың шығып жатыр.  Мектеп оқушыларымен кездесу соңында оларға сәлафизмді ұстанушы ағымдар туралы толыққанды түсіндіріліп, слайд арқылы олардың сипаттары туралы ақпарат берілді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __    _____    _    _     _____    ______   
       | |/ //  |  ___|| | || | ||  |  ___|| |      \\ 
       | ' //   | ||__   | || | ||  | ||__   |  --  // 
       | . \\   | ||__   | \\_/ ||  | ||__   |  --  \\ 
       |_|\_\\  |_____||  \____//   |_____|| |______// 
       `-` --`  `-----`    `---`    `-----`  `------`  
                                                       
      
       
      Наверх