27 апреля 2017, 1:37
      Саясат 28.08.2013, 20:07 0 пікір 1202 просмотров

      АЖДАҺАНЫҢ ТЕМІР НОҚТАСЫ қазақты қысқанның үстіне қыса түсуде

      Таяуда ғана республикалық газеттер «Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режимде туристік қатынас орнайды» деп хабар таратты. «EХРО - 2017» көрмесіне Қазақстанға 5 млн-ға жуық Қытай азаматы келетінін  республикалық газеттер хабарлап үлгерді. «Өткен аптада Астанада өткен баспасөз мәслихатында Мұхит САЙМАСАЕВ Қытай және Қазақстан үкіметтерінің арасында визасыз топтық сапарлар жөнінде жасалып жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, 2013 жылы сәуірде президент Н.Назарбаевтың Қытайға жасаған ресми сапарының нәтижесінде 2017 жылды Қазақстандағы Қытай Халық Республикасының жылы етіп жариялау ұйғарылған. Бұл бастама Қытай мен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестікті дамыту декларациясының жобасына еніп қойыпты. Енді ҚХР президенті Қазақстанға жасайтын сапары кезінде осы декларацияға қол қоймақ. Саймасаевтың айтуы бо-йынша, визасыз топтық турларға рұқсат беретін келісімнің басты мақсаты – туризм саласындағы әріптестікті дамыту, Қазақстанға сапарлайтын туристер ағынын көбейту. М.Саймасаевтың  болжауынша, «ЕХРО-2017» көрмесіне Қазақстанға 5 миллионға жуық қытай азаматтары келмек» («Жас алаш» газеті, №63 (15833) 14 тамыз, 2013 жыл.).Апыр-ау, сонда визалық режимді алып тастау деген өзге тосқауылдарды да алып тастау емес пе? Қысық көздер турис-тер ретінде ағылса, арасында қандай адамдар болады? Тіпті турист болып Қазақстанға келіп алып, қайтпай қалса не істейсің? Құқық қорғау органдары оларды бақылай алса жақсы, бақылай алмай жайына жіберсе, елде не болады? Бүгіндері республикамызда 5 мың қытайлық еліміздің азаматтығын алған деген қауесет бар. Әрине, жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны белгілі нәрсе ғой. Тіпті оңтүстік астанамыз Алматыда қазір 270 қоғамдық бірлестік, 100-ден астам кәсіпорын, 2 қытайдың ұлттық банкі, 48 жанармай құю бекеті бар екен. Сондай-ақ Конфуций институты мен Ялянь сауда орталығы жұмыс жасауда. Бұл - бір қаладағы жағдай. Бұған Қызылорда, Ақтөбе, Ақтау, Атыраудағы жағдайды қоссаңыз, басыңыз айналып кетер еді. Республикамызда 300 мыңнан астам қытайлықтар тіркелген дейді. Ал биыл ресми мәлімет бұдан да жоғары. Оны өзіміздің Атыраудың мәліметінен де көруге болады. Мәселен, Исатай ауданында бұрғылау жұмыстарында жүрген 15 қытай азаматының визасы болмаса, «Прикаспиан Петролеум Компани»  ЖШС бастығының біздің республикаға кіретін визасы болмай шықты. Енді қытайлықтардың Қазақстан мұнайындағы үлестері қандай деген сұраққа келсек, бүгіндері қытайлық компаниялардың үлесі 20,1%, яғни 25 млн. тоннадан асады екен. Яғни осы уақытқа дейін 4 млрд. 77,8 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция құйған қытайлықтардың қазақ мұнайына 39,7 пайызды құрайды.  Ол ол ма «Синхуа» агенттігі Үрімші кеден бекеті жарияланған мәліметтеріне жүгініп, 2012 жылы «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырымен Қытайға 50 млн. тоннадан астам шикі мұнай жеткізілгенін хабарлады. Енді биыл мұнай құбырының екінші кезеңінің шеңберінде 11 аралық сорап станцияларын іске қосу көзделуде. Сонда қазақ мұнайын Қытайға тасу бұдан бұрынғыдан да еселеп өсе түспек. Қазір республикамызда 24 қытай компаниясы мұнай өндіреді екен. Атап айту керек, соның ішінде 10 компания 100 пайыздық акцияға ие болып отыр. Атырау облысындағы мұнай компаниялары  түгелдей қытай азаматтарының басқаруына көшті. Иә, Қытайдың темір ноқтасы қазақты қысқан үстіне қыса түсуде. Мына бір дерекке көз салыңызшы. Шыңжаңда 1,5 млн. қазақ елге жете алмай көздері жаутаңдап жүр. Неге десеңіз, олар Қазақстанға өту үшін Қытайдың визасын алу керек екен. Ал бір визаның құны - 400-500 доллар көлемінде. Сонда қандастарымызды арғы бетте жаутаңдатып қойып, қытайлықтарды топырлатып неге визасыз жібереміз?Қытайтанушы ғалым М.Әуезов:  - Шыңжаңда ұлы көш жүріп жатыр. Қытайдың ішкері аудандарынан қытайларды біздің шекарамызға жақын маңға көшіріп әкелуде. Олар тамаша қалалар мен жолдар салып жатыр. Бұл – миллиондар. Бұлардың өндірістік – құрылыстық бригадалары бір тәуліктің ішінде Қытайдың кәсіби армиясының бөлімшелеріне айналып шыға келеді. Саны Қазақстан тұрғындарымен шамалас. Және де тікелей Пекинге бағынады, - дейді. Шындығында да, Қазақстанға қытай экспанциясы жақындап келе ме? Қытайдың темір ноқтасы осыны сездіре түскендей... 

      Құттыгерей СМАДИЯР«Мұнайлы Астананың» арнаулы тілшісі

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
         _____     ___      _____     _____    __   _   
        / ___//   / _ \\   /  ___||  |  ___|| | || | || 
        \___ \\  | / \ || | // __    | ||__   | '--' || 
        /    //  | \_/ || | \\_\ ||  | ||__   | .--. || 
       /____//    \___//   \____//   |_____|| |_|| |_|| 
      `-----`     `---`     `---`    `-----`  `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх