24 сентября 2017, 14:44
      Экономика 21.04.2017, 11:44 0 пікір 269 просмотров

      Полицейлер кәсіби сауатты

       Жақында Атырау облысы ішкі істер органдары бойынша аттестаттауға жататын әкімшілік мемлекеттік қызметшілер аттестациялаудан өтті.


      Нақты айтқанда, Ішкі істер департаментінде  ішкі істер органдарында «Б» корпусына жататын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді кезектен тыс аттестациялаудың үшінші кезеңі өтті. Негізінен әңгімелесу түрінде өткен аттестаттау комиссиясының құрамында ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері, департаменттің Өзіндік қауіпсіздік, Кадр жұмысы басқармалары мен Мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшылары болды.Қызметкерлерге қойылған сауалдардың басым бөлігі олардың атқаратын қызметтік лауазымдық міндеттеріне  қатысты болды. Аттестациялауға қатысқан ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова:

      -Ішкі істер  саласындағы  мемлекеттік қызметшілердің жұмыс істеу қабілеттілігін, олардың іскерлік деңгейін айқындайтын кезектен тыс аттестация талапқа сай, жоғары дайындықпен өтті. Ұйымдастырылу барысы да талапқа сай, ешқандай бұзушылықтарға жол берілмеді»,- десе, ІІД жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшесі, Қазіргі заманғы Каспий өңірі колледжінің директоры Болат Рысқалиев «аттестациялаудан өткен департамент қызметкерлері  өз салалары бойынша қойылған сұрақтарға жан-жақты, толық жауап бере отырып, өз іскерлік қабілеттерін, жауапкершіліктерін көрсете алды»,- деп өз пікірін білдірді. Ал, аттестациялаудан өткен қызметшілердің бірі - департаменттің Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Гүлбағида Қошанова:

       - Кезектен тыс аттестациялау біздерден жоғары жауапкершілікті талап етеді. Біздерге департамент басшылығы алдын-ала аттестациялаудан өткізудің талаптары мен тәртібін түсіндірді. Дайындық барысында өзімнің атқаратын қызметім бойынша білімімді қайтадан толықтырдым, - дейді. Жалпы, аттестация кезінде комиссия мүшелерінен әрбір қызметшіге бес сұрақтан қойылды, оның үшеуі бағдарлы, ал екі сұрақ қызметшілердің   атқаратын лауазымдық міндеттеріне байланысты болды.Аттестаттау комиссиясы жұмысына департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Сұлтан Молдашев төрағалық етті. Сынақтан өткен ішкі істер органдарының мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысы  өздерінің  кәсіби сауаттылықтарын, іскерлік қабілеттерін көрсете білді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______   __   __    _____     ______    _____   
       /_   _//  \ \\/ //  |__  //   /_   _//  |__  //  
       `-| |,-    \ ` //     / //     -| ||-     / //   
         | ||      | ||     / //__    _| ||_    / //__  
         |_||      |_||    /_____||  /_____//  /_____|| 
         `-`'      `-`'    `-----`   `-----`   `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх