20 тамыз 2017, 8:13
      Аймақ 21.04.2017, 11:41 0 пікір 242 просмотров

      Медиация мәмліге келтіреді

      Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жасалған Ұлт жоспарында заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе сот саласына үлкен мән берілді. Оның ішінде сот ресімдерін оңайлату жағы айтылып, бірқатар тапсырма берілген болатын. Осы бағытта бүгінде еліміздің соттарында медиация әдісі жиі қолданылуда. Яғни, сот қарауына жіберілген кейбір істер сотқа жетпей, екі тараптың бітімгершілікке келуінен жабылады. Мұндай әдістің сот ісіне үлкен көмек екені қазіргі уақытта дәлелденіп отыр. Жалпы, медиацияның маңызы, ерекше белгілері жайлы Атырау қаласының №2 сотының судьясы Эльмира Ойкулова өз ой-пікірін білдірген еді.


      «Медиация» сөзі бір естігенге Қазақстан қоғамы үшін таңсық көрінері анық, алайда бұл сөздің түп тамыры татулық пен бітімгерлік мағынасынан өзек алатынын білген жөн. Бүгінде дүйім жұрт медиацияның не екенін, оның ерекшеліктері мен маңызын, пайдасын зерттеп-біліп, қолданыпта жүр. Бізде медиацияны пайдаланудың алғашқы талпынысы отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу барысында жасалды. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап коммерциялық және жария саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде де табыспен қолданылып, мойындалды. Европаның кейбір дамыған мемлекеттерінде медиацияны әуел бастан қылмыстық іс жүргізу барысында да қолданып келген. Мысалы Австрия мен Германияда медиация қылмыстық заңнамада арнайы бекітілген, яғни осы негізбен прокурор істі медиацияға жолдап сотталушы пен жәбірленушінің татуласып, істің өндірістен қысқартылып кетуіне ықпал жасайды. Біздің елдің қылмыстық іс жүргізу институтында да медиация ұғымы жоғары да аталған заңның қалыптасуымен бірге келді. Алайда заңнамалық реттеудің енгізілгеннің өзінде де азаматтық іс жүргізу процесіндегі медиация мен қылмыстық іс жүргізудегі медиация салыстыруға келмейді. Бұған себеп қылмыстық процесте медиация қолдану тәжірибесінің белең алып, дами алмай отырғаны болу керек. Әйтседе жылдан жылға бұл мәселенің өзектілігі артып, нәтижесіде жақсарып келеді. Оған дәлел, мысалға Атырау қаласының №2 сотының өндірісінде өткен жылы 30 іс медиация тәсілімен аяқталса, биылғы  жылдың  үш айында 60-тан астам іс медиация арқылы біткен. Мұны осы тақырыпқа мүдделі салалардың жүргізген үгіт – насихат, түсіндірме жұмыстарының нәтижесіндегі халықтың құқықтық сауатының артуы деп айтуға болады.Медиацияның негізгі ерекше белгілеріне (даулардың сот тәртібі арқылы шешілуімен салыстырғанда) еркінділік пен құпиялылық жататынын айта кеткеніміз жөн.Тараптар медиацияға қатысуды ерікті түрде қабылдайды, аталған рәсімнің өткізілу уақыты мен орнын, оның ұзақтығын өздері шешеді, медиаторды өздері таңдайды және кез келген уақытта рәсімді тоқтатып, одан шығып кетуіне болады.Медиация үрдісінде жеңімпаздар мен жеңілушілер болмайды, оның мақсаты екі тарапты да қанағаттандыратын шешім табу. Тараптарды позиция алмасудан эмоциясыз, өзара кінәлаусыз шынайы мүдде қалыптастыруға көшіру, тараптарға өзара шешімдер қабылдату медиацияның басты мақсаты. Осылай тараптар таласты өздері шешеді, бұл өз кезегінде медиация барысында күштеп орындату рәсімінсіз келісімге қол жеткізген ерікті түрде орындау деңгейін арттырады.Медиатордың таластарды қарауы кезінде тараптар жеке немесе іскерлік қатынастарын сол күйінде сақтап қалады, сот ісі сатысында даулардың көпшілікке жария болуына жол берілмейді. Медиация рәсімі арқылы көпшілікке жария болуын тараптар қаламайтын сыпайы мәселелерді қозғайтын таластарды (некені бұзу, отбасылық, азаматтық-құқықтық және басқалар) қарастыруға болады.Бүгінгі таңда қылмыстық іс жүргізу барысында медиация жәбірленуші мен сотталушы арасындағы бітімге жету үшін, заңда басқаша көзделмесе ауырлығы орташа және ауыр емес қылмыстық істерге қолданылады.Медиация қолданылмайтын сәттерде көп, олар тараптардың бірі мемлекеттік орган болса, егерде дау-жанжал медиацияға түспейтін үшінші тараптың мүддесіне кеселін келтірсе, жемқорлық қылмыстарын жасаған адамдарға қолданылмайды.Заңның талап етуі бойынша медиация рәсімі жасақталғанда ең бірінші,ріктілік; медиация тараптарының тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялық қағидалары міндетті түрде сақталуы керек.Жалпы негізгі дерлік ақпарат заңда толық қамтылған.Биылғы жылдың қаңтарында Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмидің Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру туралы ережені бекіткені белгілі. Пилоттық жоба Мемлекет басшысының Республика судьяларының VII съезінде берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін медиацияны қолдану салаларын одан әрі кеңейтуді көздейді. Сонымен бірге, келісіммен бітетін істер шеңберін кеңейтуді мақсат етеді. Қазіргі кезде жоба шеңберінде мұрагерлік, некені бұзу, мүлікті бөлу, шығару және кондоминиум басқару мәселелері, қарыз шарттарға қатысты, кейбір еңбек даулары және тағы басқа санаттағы даулар (жанжалдар) бойынша медиацияны міндетті түрде жүргізу қамтылмақ. Жалпы осындай түрлі балама тәсілдерді тәжірибеге енгізу қоғамның дамуына тың серпін береді. Бүгінгі таңда әлемдік деңгейдегі медиатор рөлін атқарып жүрген біздің Ұлт көшбасшымыз Н.Назарбаев биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында, «Мемлекет құру жолында теңдессіз, мол тәжірибе жинап, жаңа кезеңге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте» ,- деп бірлік пен татулықты ең қымбат құндылық ретінде сақтауға шақырды. Сондықтан халық осы қағидамен өмір сүрсе дау мен жанжал қоғам көркін шарпымайды.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    __   __   _    _     _____     ______  
      | \  / ||  \ \\/ // | |  | ||  |  ___||  /_   _// 
      |  \/  ||   \ ` //  | |/\| ||  | ||__    `-| |,-  
      | .  . ||    | ||   |  /\  ||  | ||__      | ||   
      |_|\/|_||    |_||   |_// \_||  |_____||    |_||   
      `-`  `-`     `-`'   `-`   `-`  `-----`     `-`'   
                                                        
      
       
      Наверх