23 тамыз 2017, 21:31
      Қоғам 21.04.2017, 11:37 0 пікір 407 просмотров

      Неке неге көп бұзылады немесе отбасы құндылығын қалай түсінеміз?

      Ресми дерек бойынша Атырау облысында биылғы жылдың алғашқы тоқсанында 1040 неке тіркелсе, осы кезеңде өткен жылы 4076 бала, биыл 4050 бала дүние есігін ашқан. Ал, үш ай ішінде 337 отбасы ажырасуға арыз беріпті. 


      Жалпы, қазіргі кезде жастар үшін отбасын құру да, оны бұзу да оңай нәрсе болып кетті. Отбасын шағын мемлекет десек, ол мемлекеттің дамуы, ұрпақ санының артуы ата-анаға тікелей байланысты емес пе? Отбасының бүтіндігі, оның маңыздылығы Елбасымыздың Ұлт жоспарында да көрініс тапты. Мемлекет басшысының 5 институционалдық реформасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының «Бірегейлік пен бірлік»  бағытындағы «Үлкен ел-үлкен отбасы» жобасының мақсаты- жалпықазақстандық бірегейлікті қалыптастыру болды. Яғни, бірегейлік алдымен отбасынан басталады. Сол отбасын құрудағы заңдылық, маңызды мәселелер жөнінде Атырау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Зульмирям  ЗУЛЬЯРОВАДАН сұраған едік.

      -Жалпы, отбасылық қарым-қатынастардың негізгі заңдылық құжаты «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі. Онда отбасылық өмірде пайда болуы мүмкін көптеген маңызды сұрақтарға жауап табуға болады. Отбасыныңәр адамның өмірінде, қоғам  мен мемлекетте ерекше маңызды орын алатыны бәрімізге мәлім. Мықты, әрі берік отбасы кез-келген қоғамның дамуына, оның тұрақты болуына кепілдік береді. Ал шаңырақ көтеру үшін алдымен некеге тұрады. Некеге тұрушылар қандай заңдылықты білуі керек?Неке отбасын құру мақсатында неке құрушылардың тек өзара келісімі бойынша жүзеге асырылады. Ешбір жағдайда неке құру үшін мәжбүрлеуге жол берілмейді. Мұндай неке кейіннен жарамсыз болып табылуы мүмкін.Неке қию тіркелгеннен кейін неке құрушыларда ерлі-зайыптылардың мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен міндеттері пайда болады.Біріншіден, бұл, отбасында ерлі-зайыптылардың теңдік құқығы, яғни, ерлі-зайыптылар тең құқықтарға ие болып, тең міндеттерді атқарады.Текті таңдау құқығы, ерлі-зайыптылар олардың біреуінің тегін ортақ тек ретінде таңдай алуы немесе олардың некеге дейінгі тегінде қалуы болып табылады. Сондай-ақ, өз тегіне жолдасының тегін  сызықша арқылы қосып, осылайша қос тек иесі атану мүмкіндігі бар.Отбасындағы мүліктік құқықтар мен міндеттерін анықтау үшін неке құрушылар неке шартын жасай алады. Некеге тұрмас бұрын немесе некеде тұрған кезде кез келген уақытта нотариуста шарт жасасуы мүмкін.Болашақ жұбайлардың ең маңызды парызы - отбасындағы  қарым-қатынасты өзара сыйластық және өзара көмек негізінде орнату, отбасының әл-ауқатын ықпалдау және нығайту, өз балаларының денсаулығына, олардың дамуы мен әл-ауқатына  қамқорлық ету парызы. Бәрімізге белгілі, ҚР Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы Жарлығын орындау мақсатында азаматтық хал актілерін тіркеу функциясы жергілікті атқарушы органдардың қарамағына берілді. Сондықтан некені тіркеу үшін азамат жергілікті жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөліміне барып арызын береді. Некені тіркеу бүгінгі таңда электронды түрде де жүзеге асырылуда. Әділет департаменті тарапынан жергілікті атқарушы органдарымен жүргізілетін АХАТ барлық түрі бойынша тіркеу қызметін  бақылау мен есеп-мәліметтердің жүргізілуі және әдістемелік көмек көрсету әділет органдарының құзыретіне қалдырылды, - дейді ол. Ал, некеге отырып, шаңырақ құрғаннан кейінгі ата-ананың міндеті – өмірге ұрпақ әкелу. Ол баланың алдындағы ата-ананың міндеті қандай? Баланың құқықтары мен мүдделерін кім қорғайды? Зульмирям Баратқызының айтуынша, ең алдымен баланың туу фактісі міндетті түрде тіркелуі тиіс. Яғни, мемлекет әр азаматы туралы білуі қажет. Тууды тіркеу туралы өтініш сәби дүниеге келгеннен кейін 3 күн ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне немесе Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімдерінде беріледі.Баланың тегі ерлі-зайыптылардың ортақ тегімен берілуі мүмкін, анасы немесе әкесінің тегі әр түрлі болса, олардың біреуінің тегі бойынша беріледі. Сондай-ақ, баланың әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның атымен де беріледі. Баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғау мәселесінде ата-ана өз баласының заңды өкiлдерi болып табылатындықтан кез келген жеке және заңды тұлғаларға қатысты, оның iшiнде соттарда арнайы өкiлеттiксiз оның құқықтары мен мүдделерiн қорғайды.Өкінішке орай, әр түрлі өмірлік жағдайларға және себептерге байланысты жекелеген жағдайларда ата-аналар некелерін бұзады және бала ата-ананың біреуімен ғана, әдетте анасымен қалады. Бұл ретте кәмелетке толмаған баларды асырау екі ата-ананың да міндеті болып қалуы керек. Жасыратыны жоқ, бүгінде шетелдіктермен неке қиюшыларға қарсы қоғамда наразылық туып жатыр. Жалпы, отбасылардың көп ажырасуын осындай некеден көретіндер бар. Бұл жерде осы жайға қатысты заңдылықты кез келген азаматтың білгені абзал. Сонда шетелдің азаматымен шаңырақ құрғысы келетінде нені білуі тиіс?

      -Шетелдіктермен неке қиюшы Қазақстанның азаматтары осындай жұп жасасудың ықтимал құқықтық және әлеуметтік салдары туралы хабардар болғаны жөн. Біріншіден, шетелдіктермен неке құрудан бұрын болашақ жұбайы азаматы болып табылатын елдің азаматтық және отбасылық құқықтың ерекшеліктерімен танысуды ұсынамыз. Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, оның ішінде ортақ балаларға қатысты, сондай-ақ осындай некені бұзудың құқықтық салдарына ерекше көңілді аудару қажет.Бұл, осы некеде туған балалардың құқықтары, ерлі-зайыптылардың құқықтарының  бұзылуымен байланысты, кез келген мәселелерді шешуде дұрыс көзқарас пен мінез-құлыққа дайын болу үшін, өмірдегі нақты жағдайда туындауы мүмкін көптеген жағымсыз сәттерді болдырмауға мүмкіндік береді.Кейбір елдердің заңдары бойынша, шетел азаматтарымен некеге тұратын кезде олардың елінің азаматтарының некеге жарамды деп тану жөніндегі осы мемлекеттің құзыретті органының рұқсатын алуды талап етеді. Тиісінше, осы келісімсіз тіркелген неке оның таңдау жасалған азаматтың елінде танылмауы мүмкін және басқа да көптеген күрделі жағдайлар тудыруы мүмкін. Ол кезде некеге тұрған адамның кез келген құқықтарын қорғау туралы айту айтарлықтай қиын болады. Ал, шетел азаматымен Қазақстанның азаматы Қазақстанның аумағында кез келген Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) бөлімінде, Қазақстанның шетелдегі консулдық мекемелерінде неке жасасуы мүмкін. Мұндай жағдайларда, неке тіркелгеннен кейін Қазақстан заңнамасының талаптарына сәйкес құжат, басқа сөзбен айтқанда Қазақстанның үлгісі бойынша алады.Шет мемлекеттерінің уәкілетті органдарында неке қиған жағдайда ол Қазақстан аумағында оны пайдалану үшін заңдастыру немесе апостиль қою қажет етілетін құжатты алады. Айта кететін жайт - Қазақстан аумағында мұндай некені қайта тіркеудің қажеті жоқ.

      Шетелдікпен некені тіркеу үшін болашақ ерлі-зайыптылардың жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсету қажет. Шетелдік, басқа мемлекеттiң аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адам, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, нотариалды куәландырылған оның мәтінінің қазақ немесе орыс тіліне аудармасын қамтамасыз ету қажет. Мұндай құжаттардың мәтінін аударудың дұрыстығы дипломатиялық өкілдікте немесе консулдық мекемеде, шетелдіктің азаматтығы немесе азаматтығы жоқ адамның тұрақты тұратын мемлекеттің Сыртқы істер министрлігімен куәландырылған болуы мүмкін.Сонымен қатар, бұрын тіркелген неке, яғни азаматтар бұрын некеде тұрса,  тоқтатылғанын растайтын құжаттар, болмаса – некеге қабілеттік туралы анықтама табыс етілуі тиіс.Шетелдік, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында болу заңдылығын растайтын құжатты ұсынуы керек, - дейді Әділет департаменті басшысының орынбасары. Демек, мемлекеттің негізін құрайтын отбасын құруға атүсті қарамай, оның заңдылығын жете түсініп, ұрпақ болашағының жарқын болуын  ойлағанда ғана қоғамның қабырғасы беки түспек. Сонда ғана түпқазығы мықты, келешекке сеніммен қарайтын біртұтас мемлекет бола аламыз.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 _    _    ______    __   __    ______  
        ____    | || | || |      \\  \ \\/ //  /_____// 
       |    \\  | || | || |  --  //   \ ` //   `____ `  
       | [] ||  | \\_/ || |  --  \\    | ||    /___//   
       |  __//   \____//  |______//    |_||    `__ `    
       |_|`-`     `---`   `------`     `-`'    /_//     
       `-`                                     `-`      
      
       
      Наверх