1 мая 2017, 0:41
      Аймақ 20.04.2017, 15:24 0 пікір 61 просмотров

      «Есірткісіз әлем»

      Осындай атаумен Атырау облысы Ішкі істер департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы «Жайық» спорт-мәдени кешенінде  акция ұйымдастырды.


      Кең көлемде  ұйымдастырылған шараға  облыстық білім басқармасы, спорт және туризм басқармасы, сонымен қатар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті атсалысса, акцияға барлығы 700-ден астам жоғары оқу орындарының студенттері, колледж және орта мектептердің оқушылары , қаладағы спорт мектептерінің тәрбиеленушілері қатысты. Шараны  Ішкі істер департаментінің бастығы  полиция полковнигі Аян  Дүйсембаев ашты. Бұдан соң қатысушылар алдында  облыстық білім басқармасының басшысы Нұрсауле Сайлауова, облыстық турзим және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет,  облысқа танымал спортшылар сөз сөйледі. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастамасымен есірткінің зардабы және нашақорлардың өмірі туралы  жастарға қысқа метражды фильм көрсетілді. Жиналғандар ІІД Кинологиялық орталығының қызметтік иттерінің  оқу-жаттығуларын тамашалады.
      ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова:

      -Жалпы, биылғы жыл басынан  Атырау облысы ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес  қызметкерлерімен есірткіге қатысты 60 - қа жуық құқық бұзушылықтар  анықталды. Заңсыз айналымнан  50 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Қылмысқа күдікті  24 тұлға ұсталып , қамауға алынды. Сондай-ақ, биыл Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен облыс көлемінде қоғамда нашақорлықтың жолын кесу бағытында 80-нен астам алдын алу іс-шаралары өткізілді. Олардың арасында , дөңгелек үстел, оқу орындарында өткізілген лекциялар мен семинарлар, флешмобтар, спорттық, мәдени-бұқаралық шаралар бар, - дейді.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___      _____    __   __    _____   
      |      \\   / _ \\   |__  //   \ \\/ //  |__  //  
      |  --  //  | / \ ||    / //     \ ` //     / //   
      |  --  \\  | \_/ ||   / //__     | ||     / //__  
      |______//   \___//   /_____||    |_||    /_____|| 
      `------`    `---`    `-----`     `-`'    `-----`  
                                                        
      
       
      Наверх