22 шілде 2017, 22:43
      Экономика 20.04.2017, 13:07 0 пікір 366 просмотров

      Сандық сауаттылық – уақыт сұранысы

      Биыл Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық статистикажәне арнайы есепке алу органдарысаласының құрылғанына -  20 жыл! Елбасымыз өзінің дамыған 30 елдің қатарына қосылу бағытында жариялаған 100 нақты қадамында бұл салаға да назар аударған еді. Атап айтсақ, 32-қадамда «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» ұлттық ақпараттық жүйесі негізінде  интернет-порталын құрып, онда елімізде біртәулік мерзімде жасалған барлық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелетінін және мұның қоғамға ішкі істер органдары жұмысының тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретінін айтқан болатын. Осы ретте біз жасалып жатқан шаралар жөнінде ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқарма бастығы Нұрлан АХМЕТБАЕВПЕН сұхбаттасқан едік.


      -Нұрлан Стаханұлы, еліміздің құқықтық статистика  саласындағы 20 жыл бұрынғы және қазіргі кезеңді қалай салыстырар едіңіз? Айырмашылық қандай?

      -Әрине, айырмашылық бар. Айта кету керек, 20 жыл - ұзақ мерзім емес. Соған қарамастен құқықтық статистика бүгінде құқықтық кеңістікте барлық жаңа ақпараттық технологиялардыенгізіп, алға ұмтылып келеді. Артқа шегініс жасасақ, 1997 жылы 22 сәуірде  Елбасының «Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы» №3465 Жарлығына сәйкес, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің статистикалық қызмет, Мемлекеттік тергеу комитетінің қылмыстық ақпараторталығының базасында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және ақпарат орталығы құрылған болатын. Шыны керек,         осы уақытқа дейін құқықтық статистика жұмысы өте қарабайыр болды. Мысалы, бір облыста қылмыстық ахуал туралы есептің тек  2-3 түрі ғана қалыптасты. Негізгі есеп төрт парақ қағаздан аспаса, кейбір көрсеткіштер, мысалы жедел қызмет көрсету көмегімен ашылған қылмыстар «құпия» түрде сақталды. Сонымен қатар, қылмыстық қудалауға жататын адамдарға қатысты шешім қабылдауды соңына дейін қадағалау қиынға соқты. Өйткені, қылмыстық іс полиция есебінсіз сотқа, прокуратураға баратын. Сондықтан азаматтардың соттылығы бар-жоғын тексеру талабы кезінде  (ол кезде азаматтар үшін анықтама қағазы болған жоқ) қылмыстық жазбаларда «іс сотқа жіберілді» немесе «қандай да бір баппен жауапкершілікке тартылды» деп жазылып тұратын. Ол уақытта прокуратура органдары мен соттар өз статистикаларын өздері қалыптастырды. Содан кейін салық полициясы, кеден саласы да  солай жұмыс істеді. Кейін мемлекеттің ең жоғарғы қадағалау органының тарапынан Орталықтың құрылуы барлық қажетті жазбалардың толық және сенімді болуына және барлық қылмыстық статистиканы жинауға мүмкіндік берді.Құрылған жаңа өкілеттіліктермен қоса, қылмыстық қудалау органдарының, прокуратура, соттың жұмысы жөнінде есеп берудің жаңа түрлері пайда болды. Осы орталықтың қызметіне жас мемлекеттің экономикалық өсу жолындағы мәселелері мен заңға енгізілген өзгерістер әсер етпей қоймады.Мысалы, «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарды ақпараттық қамтамасыз ету, сондай-ақ, шаруашылық субьектілеріндегі бизнес секторының дамуына кедергі келтіретін тексерістерді жүйелеу қажеттілігі пайда болды.

       

      -Ал, құқықтық статистика мен арнайы есепке алу комитеті қалай құрылды?

      -Жоғарыда айтылған құқықтық статистика және ақпарат орталығының алдында тұрған міндеттердің маңыздылығына қарамастан, оның құқықтары мен міндеттері Бас Прокурордың бұйрықтарымен, нұсқаулар мен ережелер деңгейінде реттеліп отырды. Сондықтан келесі қадам орталықты кеңейту болды. Сөйтіп,  соның базасында 2003 жылғы 28 наурыздағы Президент Жарлығымен ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі Комитет құрылып, сол жылдың 22 желтоқсанында «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайыесепке алу туралы» Заңы қабылданды. Осылайша алғаш рет құқықтық статистика және арнайы есеп органдарыназаңды түрде прокурорлық қадағалауға акті енгізуге, қолданыстағы заңнаманы бұза отырып жасалған тексеруді белгілеу туралы актілерді тіркеуден бас тартуға құқық берілді. Бертін келе заңға бірнеше өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Мысалы, заң қабылданғанда арнайы есептердің тек 10 түрі болса, қазір олардың саны 24. Мемлекеттік құқықтық статистика жүйесінің дамуына ақпаратттық технологиялардың енгізілуі үлкен әсер бергенін айта кету керек. Соның нәтижесінде қылмыстық-азаматтық және әкімшілік-құқықтық салада үлкен ақпараттық ағым пайда болып, қажетті ақпарат тек аймақтарда ғана емес, бүкіл республика көлемінде қолжетімді болды.

       

      -Нұрлан Стаханұлы, бүгінде нақты айтқанда, қандай тиімді жұмыстар жүзеге асып отыр?

      -Әрине, бірқатар шаралар атқарылып, жұмысымыз бірізге түсті. Атап айтар болсақ, жасалатын баяндамалар мен сауалнамаларды және есепке алуды автоматтандыру - қағаз түріндегі құжат айналымын азайтты. Сондай-ақ, бізге құқықтық статистикалық ақпараттардың азаматтар үшін қолжетімділігі мен ашықтығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Оған қоса, процессуалды шешімдер қабылдар тұста тергеушілердің қадағалаушы прокурорларға тәуелділігін жойып, оларға электронды есепке алу құжаттарын өздері дайындауға құқық берді.

       

      -Қазіргі уақытта халық ғаламтордағы Аұпараттық портал арқылы көптеген ақпарат ала алады. Соларды атап өтсек...

      -Бәрімізге белгілі, Елбасының 100 нақты қадамында көрсетілген 32-қадамды жүзеге асыру мақсатында «Қылмыстық құқық бұзушылық картасы» геоақпараттық портал құрылды. Бұл электронды картада барлық тіркелген құқық бұзушылық онлайн-режимде көрсетіледі. Оның ішінде «Бизнес тірегі», «Айқын», «Жол-көлік оқиғасы бойынша көлікті тексеру» мен «Өз айыппұлдарың туралы біл» сияқты порталдарғаазаматтар көп қызығушылық танытып, қажетті ақпараттар алып жүр.Айыппұл туралы портал арқылы азаматтар тек ақпарат алып қана қоймайды. Сонымен бірге айыппұлды төлеп немесе жоғалған түбіртегін қайта қалпына келтіре алады. Сондықтан болар, бүгінде Ақпараттық сервистің қолжетімділігін, пайдалылығын облыс тұрғындары бағалап отыр. Мысалы, өткен жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін облыс бойынша Комитеттің сайтына деген сұраныс 20 есеге өскен. Бұдан шығар қорытынды – автоматтандыру ісі заң ережелері мен құқық тәртібімен қамтамасыз етуде үлкен аумақты қамтып отыр.Бір сөзбен айтқанда, Ақпараттық сервистің мүмкіндігін, оның ішінде қолжетімділік, ұтқырлық және оның пайдасын ел азаматтары лайықты бағалауда. Қазіргі уақытта құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының міндетіне мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін бағалап, талдау құзыреті кіреді. Бірақ, бұл шегі емес.

       

      -Нақты әрі қолжетімді ақпарат алу үшін тағы қандай жобалар жүзеге асуда?

      -Жалпы ақпараттандыру және роботтандыру дәуірі құқықтық ақпаратты жинақтау, жіктеу және тарату қызметінде жаңа мүмкіндіктер ашады. Яғни, адам ресурстарының орнына бірте-бірте жасанды интеллект келе жатыр. Мысалы, «Заңдылық» жобасы сияқтыинтеллектуалды компьютерлік бағдарламалар сенімді статистикамен қамтамасыз етуге  мүмкіндік береді. Бүгінде біз қылмыстық істерді жүргізу мен әкімшілік құқықбұзушылыққа хаттама толтырудың электрондық әдісіне көшу үдерісіне қатысушылармыз. Комитет қызметінің негізгі басымдықтарының бірі болыпBig Data ақпараттық технологиясын енгізу және пайдалану айқындалды. Бұл технология болжамды сараптауға, кеңейтілген талдауға, бейнебақылау назарына түскен бейнелерді анықтауға негізделген. Қазіргі уақытта осы бағытта жұмыс жүргізіліп жатыр. Жақында біздің басқарма қызметкерлері прокуратурамен бірігіп, Атырау қалалық ішкі істер басқармасының тергеушілері мен қала прокурорларына «Е-уголовное дело» жобасын таныстыру шарасын өткізді. Шара кезінде қатысушыларға ақпараттық жүйедегі өзгертілетін басты қызметтер мен жаңа цифрлық форматтың жұмысы жөнінде айтылды. Басқосуда бұл пилоттық жобаны Атырау облысында жүзеге асыру дайындығы, сондай-ақ, қазіргі қылмыстық-процессуалдық іс жүргізудегі өзгерістер мен ішкі істер органдарының компьютермен қамтылу жайы да сөз болды. Айта кету керек, шараға қатысушылар қылмыстық іс материалдарының және мемлекеттік органдар қызметі жүйесін интеграциялаудың цифрлық форматқа көшірудің жақсы жағы барын жоққа шығармады. Өйткені, жаңа форматқа көшу нәтижесінде істі тергеу уақыты мен кететін шығын көлемі қысқаратын болады. Бұл аталған жоба бірнеше кезеңге бөлінген. Оның ішінде бірінші кезеңде смс-хабарлама жіберу, арызды электронды түрде жіберу, тергеу жұмысын аудио және бейнебақылауға жазу сияқты жұмыстар енгізілмек.

      Өткен 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді деп нық сеніммен айта аламыз. Бірақ, алда көптеген мақсат-міндеттер тұр. Оны жүзеге асыруға  бізде мүмкіндік көп.

      -Сұхбатыңызға рахмет!


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _    _    _    _                ___     _    _   
      | || | || | || | ||   ____      / _ \\  | || | || 
      | || | || | || | ||  |    \\   | / \ || | || | || 
      | \\_/ || | \\_/ ||  | [] ||   | \_/ || | \\_/ || 
       \____//   \____//   |  __//    \___//   \____//  
        `---`     `---`    |_|`-`     `---`     `---`   
                           `-`                          
      
       
      Наверх