22 маусым 2017, 18:09
      Экономика 20.04.2017, 13:03 0 пікір 148 просмотров

      Айбек Аташев: «Білімді ұрпақ пен білімді қоғамның талаптары да, мақсаттары да айқын»

      «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді». Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осылай деді.


      Президент өз мақаласында қазақ халқы, жалпы қоғамымыз қалай ілгерілеуі керек деген күрделі мәселелердің тұщымды тұжырымын жасады. Көтерілген мәселелерде еліміздің ертеңгі бағыт- бағдары айқындалған.

      Елбасы мақаласында сонымен қатар, ұлттық бірегейлікті сақтау туралы айтылған. Жалпы, қазақ халқы ежелден тіліне, дініне қарап бөлінбегендігін мойындар болсақ, ел болып сақталып қалғанымыз да соның арқасы. Ал, жаһандану заманында бұның мәні арта түспек. Сондықтан, елбасы айтқан: ұлттық намыс, ұлттық сана, мәдени ерекшелігімізді сақтап, дәріптеу- идеологиялық жұмыстың басымдылығы  болмақ.

      Ел президентінің мақаласы зиялы қауым өкілдерін де бей- жай қалдырған жоқ. Осы орайда, Атырау өңірінің теолог мамандары да өз пікірлерін білдірді.

      -       Ұлт көшбасшысы, президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қамтылған мына мәселелерге тоқталып өткім келеді: ХХІ ғасырдағы Ұлттық сана туралы, Ұлттық бірегейлікті сақтау және Білімнің салтанат құруы. Бұл үшеуі ұлт дамуы мен ұлттық тұтастықты және Елбасы аса мән беретін интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеудегі айқын бағыт екені сөзсіз.

      Ұлттық бірегейлікті сақтау – бұл қазіргі ақпарат майданы мен жаһандану кезеңіндегі халқымыздан талап етілетін басты міндет. Әлем халықтарының арасында өзіміздің ұлттық идентификациямызды жоғалтып алмау- болашақ алдындағы, ұрпақ алдындағы парыз деп білген ләзім.

      Ұлттық сана – сан ғасырлар бойы қалыптасатын әр халықтың, сол қоғамның бірегей коды іспетті. Елбасымыз мақаласында «рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі полюстерін қиыннан қиыс­ты­рып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды» екенін атап көрсетті. Ендеше, ХХІ ғасырдағы техника мен технологиялық дамудың қарқынды ағынының арасында ұлттық санамыз бен адами, бастысы қазақи болмысымызды жоғалтып алмауымыз керек,- дейді Атырау облысы Дін істері басқармасы «Ақпараттық- талдау орталығы» КММ-нің басшысы Айбек Аташев.

      Оның айтуынша, білімнің салтанат құруы- қай қоғам, қай кезең болмасын басты назарын да, рухани күш- жігерін де алдыменен ғылым мен білімге жұмсайды.

      -       Өйткені, ол заңды құбылыс. Тарихтан білетініміздей, қазақтың ханы Абылай: «Білекпен күш сынасатын кезде жеңілмедік, енді біліммен күш сынасуда есе жібермеуіміз керек» деген. Соңғы еншінің жауапкершілігін қазіргі ұрпақ арқалауы керек. Білімді ұрпақтың, білімді қоғамның талаптары да, мақсаттары да айқын болмақ. Ал, білімді ұрпақтың бойынан ұлттық сана табылып тұрса- нұр үстіне нұр болары сөзсіз,- дейді А.Аташев.

      Демек, мақалада атап көрсетілген мақсат-міндеттер елді дамудың жаңа белесіне шығаратынын тілге тиек еткен теолог, «көпшілік осы идеяларды бағдаршам етіп, оны нақты жүзеге асыруға жұдырықтай жұмылуы керек» дегенді айтады.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       __   __    _____    _    _      ___     __   _   
       \ \\/ //  |  ___|| | \  / ||   / _ \\  | || | || 
        \   //   | ||__   |  \/  ||  | / \ || | '--' || 
        / . \\   | ||__   | .  . ||  | \_/ || | .--. || 
       /_//\_\\  |_____|| |_|\/|_||   \___//  |_|| |_|| 
       `-`  --`  `-----`  `-`  `-`    `---`   `-`  `-`  
                                                        
      
       
      Наверх