19 тамыз 2017, 13:18
      Аймақ 18.04.2017, 19:56 0 пікір 340 просмотров

      Жылыойда терроризмнің қаупі түсіндірілуде

      Елдегі және көрші мемлекеттердегі лаңкестік жағдайларға байланысты Атырау облысында терроризм мен экстремизмнің алдын алуға бағытталған ауқымды жұмыстар басталды. Ондағы мақсат- жергілікті жердегі халықтың проблемасын тыңдау, терроризм мен экстремизм және оның қоғамға қауіптілігі жөнінде барлық мекеме мен ұйымдарды, жергілікті тұрғындарды толық ақпараттандыру.


      Жеті бағытқа бөлінген жұмыс жоспары бойынша дүйсенбіде Жылыой аудандық мәдениет үйінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВТІҢ қатысуымен актив жиналысы өтіп, Жылыой ауданындағы үш күндік жұмыс жоспары бекітілді.

      Жылыой ауданының әкімі Мақсым ІЗБАСОВТЫҢ айтуынша, аталмыш іс- шараның ауданда өтуінің маңыздылығы жоғары. Өйткені, бүгінде осы аудан бойынша жұмысшы топтар зерделейтін нысандар анықталған.

      Шараға қатысқан Атырау облысының прокуроры Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ өткен жылы терроризмнің алдын алуға бағытталған 7 бағыттан тұратын іс- шара елімізде, соның ішінде Ақтөбе облысында ұйымдастырылып, өз нәтижесін бергендігін баса айтты.

      -       Жұмысшы топ үш күн бойы Жылыой ауданындағы алдын ала жоспарланған мекемелерге, ауылдық елді- мекендерге барып, қызметкерлермен, халықпен кездесу өткізеді. Халықтың қандай түйткілді мәселелері бар, соны анықтаймыз. Соның ішінде ауылдық елді- мекендерде тұратын зейнеткерлер, мүгедектердің сауалдары мен мәселелері болса- оны да назардан тыс қалдырмаймыз.

      Топтың құрамында ардагерлер, құқық қорғау органының қызметкерлері, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері секілді әртүрлі саланың мамандары мен тұрғындардың өздері сайлаған халық қалаулылары бар, - деді прокурор.

      Облыс прокуроры атап көрсеткеніндей, ауданға келген жұмысшы топтармен 7 бағыт бойынша жұмыстар атқарылады.

      -     Күні бүгін аталған іс- шаралар бойынша арнайы жасақталған жоспарымыз бар. Бұдан өзге аудан халқын хабардар ету үшін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілер арқылы хабарландырулар жасалды.

      Осы аталған шаралармен елді мекендерді «100 пайыз қамтимыз» деп жоспарлап отырмыз. Демек, осы ауданның әрбір тұрғынына көмегімізді көрсетіп, мәселесінің шешілуіне ықпал етуіміз қажет. Бұл жерде тағы бір ескеретіні- біздің мақсат тексеру немесе біреудің жұмысына баға беру емес- өңірдегі проблемаларды шешу, көмекке мұқтаж әрбір ауылды, отбасыны аралап, жағдайын білу. Әсіресе, зейнеткерлер, мүгедектер, жағдайы төмен отбасылар, әйелдер, жастар, діннен адасып жүргендерге қол ұшын созу.

      Басты құндылығымыз – Тәуелсіздік, салт- дәстүріміз, отбасымызды қорғау керектігін түсіндіреміз.

      Əдетте, бүлік- түсінбестіктен басталатыны белгілі. Егер, қандай да болмасын ұжымда жұмысшылар арасында түйткілді мәселелер болса, түрлі сала мамандарынан құрылған жұмысшы топ өкілдерін мекемелеріне шақыруына болады. Тіпті, жоғарыда атап көрсеткен жұмысшы топтар белгіленген жоспардан тыс халықпен кездесіп, түсінік жұмыстарын жүргізуге, кеңестер беруге дайын,- дейді Ғалымжан ТОҒЫЗБАЕВ.

      Айта кету керек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нәутиевтің мәлімдегеніндей, мемлекет басшысының жүргізіп отырған саясаты, «Нәтижелі жұмыспен қамту» секілді бағдарламалары жөнінде де шара барысында Жылыой ауданының тұрғындары толық мәлімет алатын болады.


      Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _____     ______    _  _     ______     _____  
       / ____||  /_   _//  | \| ||  /_   _//   / ___// 
      / //---`'   -| ||-   |  ' ||   -| ||-    \___ \\ 
      \ \\___     _| ||_   | .  ||   _| ||_    /    // 
       \_____||  /_____//  |_|\_||  /_____//  /____//  
        `----`   `-----`   `-` -`   `-----`  `-----`   
                                                       
      
       
      Наверх