19 тамыз 2017, 13:17
      Аймақ 13.04.2017, 12:50 0 пікір 232 просмотров

      Зейнетақы жүйесі түсіндірілді

       «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ - ның барлық құрылымдық бөлімшелерінде «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды?» деген тақырыпта «Ашық есік» күні өтті.


      Республикалық қордың Атырау облыстық филиалының директоры Вячеслав Жұмыровтың айтуынша, зейнетақы активтері бір жерге топтастырылғаннан кейін қалыптасқан жағдайдың жақсы жағына қарай өзгергендігі байқалған. Нақты айтар болсақ, салымшылардың есебінен жинақталатын  комиссиялық жарна сомасы бұрынғы жеке қорлар арқылы өндірілген кезеңдегіден екі есеге дейін азайған, әкімшілік шығындар айтарлықтай қысқарған. Инвестициялық саясат саласында үлестес тұлғалармен қасақана зиянды мәмілелер жасау тәуекелі жойылған.

      Басқосуға қатысқандар осындай оң үрдістер туралы айтылған әңгімені тыңдап қана қоймай,  бейнероликті тамашалап, арнайы сайттағы «зейнетақы калькуляторы» арқылы болашақта алатын зейнетақы мөлшерін анықтау үшін өткізілген интерактивтік «шеберлік сағатына» қатысты. Бұл күні келушілердің әдеттегіден гөрі көптігіне қарамастан, мұндағы мамандар жоғары деңгейде қызмет көрсетті.

      -       Біз үшін бүгінгі ұйымдастырылған шара өте тартымды да қызықты болды. Ақпараттық жағынан да, танымдық тұрғыдан да біраз мағлұмат, мол әсер алдық. Келешекте зейнеткерлік демалысына шыққан кезімізде зейнетақыны қалай алатынымызды, қанша ақша есептелетінін білдік,- дейді «Ашық есік» күніне келушілер.


      Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___      ____       ___      _  _   
      |      \\   / _ \\   |  _ \\    / _ \\   | \| || 
      |  --  //  | / \ ||  | |_| ||  / //\ \\  |  ' || 
      |  --  \\  | \_/ ||  | .  //  |  ___  || | .  || 
      |______//   \___//   |_|\_\\  |_||  |_|| |_|\_|| 
      `------`    `---`    `-` --`  `-`   `-`  `-` -`  
                                                       
      
       
      Наверх