1 мая 2017, 4:36
      Мұнай 30.03.2017, 12:14 0 пікір 169 просмотров

      Мұнайдан заңсыз табыс тапқысы келетіндер азаймай тұр

      Атырауда биылғы жыл басынан берідизельдік отын түріндегі мұнай өнімінің 6 заңсыз айналымы құрықталып, 36 тонна мұнай өнімі алынған.


      Осы ақпаратты ұсынған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экономикалық тергеу қызметінің мәлімдеуінше, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз сатылған қыстық дизельдік отын анықталған. Заңсыз әрекетті 1962 жылы туған ҚР азаматы С.Ж.Е.-нің жүзеге асырғаны белгілі болды.2017 жылғы 7 ақпандағы №2 Атырау қаласы сотының үкімімен ол, ҚК-нің 197-бабының 1-бөлігімен көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 68 070 теңге айыппұл салынды. Ал, одан алынған заттай дәлелдеме- жалпы құны 505 138 теңге құрайтын 3 043 литр қыстық дизель отыны мемлекет пайдасына тәркіленген.Сонымен қатар, Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Атырау қаласының Контейнерный мөлтек ауданынан шығарылу заңдылығын растайтын құжатсыз, яғни заңсыз дизель отынын сатып келген шағын цехты анықтап, жқмысын тоқтатқан. Заңсыз әрекеттің ұйымдастырушысы 1973 жылы туған ҚР азаматы болып шықты.Бүгінде сотқа дейінгі тергеу әрекетінің нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданды. Мамандар мұнай және мұнай өнімдерінің айналымы саласындағы заңға қарсы әрекеттер мұнай және мұнай өнімінің айналымы саласында қызмет ететін шаруашылық субъектілерімен қоса мемлекеттің экономикалық мүддесіне орасан зор залалын тигізетінін айтады. Оған қоса, мұнай және мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы елімізде «көлеңкелі» экономикаға әсер етіп, жекелеген қылмыстық топтардың қызметін қаржыландыру көзіне айналған. Мұндай қылмысқа барғандарға тартылатын жаза қандай?Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылузаңдылығын растайтын құжаттарсызолардытасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақмұнайды қайта өңдегені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабымен 300 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына 240 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту не 75 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасының көзделгендігін айта кету керек.


      Гүлзада Қожабергенқызы

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___     __   __     ___              
       | |/ //   / _ \\   \ \\/ //   / _ \\    ____    
       | ' //   / //\ \\   \   //   / //\ \\  |    \\  
       | . \\  |  ___  ||  / . \\  |  ___  || | [] ||  
       |_|\_\\ |_||  |_|| /_//\_\\ |_||  |_|| |  __//  
       `-` --` `-`   `-`  `-`  --` `-`   `-`  |_|`-`   
                                              `-`      
      
       
      Наверх