21 сентября 2017, 0:24
      Саясат 29.03.2017, 17:19 0 пікір 351 просмотров

      Польшалық инвесторлар Атыраудағы құрылыс саласына қаржы құюға ынталы

      Дүйсенбіде шетелдіктер жергілікті билік өкілдерімен кездесуде өздерінің осындай ұсыныс- тілектерін жеткізді. Олар әсіресе, өңірдегі кәріз тазарту қондырғысы құрылысын жандандырып, күн электр станциясы, мұнай жабдықтарын шығаратын зауыттың жобасын жүзеге асырғысы келетіндіктерін жасырмады.


      -       Былтыр Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Варшаваға келіп, польшалық инвесторларды жұмыс істеуге шақырған еді. Бүгінде біздің кластерге 21 компания біріккен. Барлығы да құрылыс саласында тәжірибесі бар мекемелер. Сондықтан осы салаға қаржы құйып, серіктесіп еңбек ету жоспарда бар,- дейді Польша құрылыс экспортерлері кластері компаниясының вице- президенті Анджей КОЗЛОВСКИ.

      Сондай- ақ, кездесуде инвесторлар осыған дейін жасаған жұмыстарының таныстырылымын жасады. 

      -       Атырау - Қазақстанның индустриялды жері. Қазіргі таңда елу елмен ынтымақтастықта жұмыс жасауда. Біріккен кәсіпорындардың саны мыңнан асады. 188 мыңның үстінде тауар айналымы бар. Бүгінгі кездесу өз нәтижесін береді, - деді шетел инвесторларын қабылдаған Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Сүйіншалиев

      Айта кетейік, өткен жылы Атырау облысының Польшамен сыртқы сауда айналымы 118,4 млн.АҚШ долларын құраған.  


       Гүлфайруз ДҮЙСЕНҒАЛИҚЫЗЫ

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
                 __   __    _____      ___              
          ___    \ \\/ //  / ____||   / _ \\    ____    
         /   ||   \ ` //  / //---`'  / //\ \\  |    \\  
        | [] ||    | ||   \ \\___   |  ___  || | [] ||  
         \__ ||    |_||    \_____|| |_||  |_|| |  __//  
          -|_||    `-`'     `----`  `-`   `-`  |_|`-`   
           `-`                                 `-`      
      
       
      Наверх