27 шілде 2017, 10:30
      Аймақ 29.03.2017, 17:08 0 пікір 242 просмотров

      Қазақстан мен Ресейдің өнерпаздары Атырауға жиналды

      Еске сала кетейік, Атырауда Н.Жантөрин атындағы облыстық филармонияда "Еуразия кубогі" баян-аккордеон аспаптарында орындаушылардың бірінші халықаралық сайысы өтіп жатыр. Сайысты Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы ұйымдастырған болатын. 


      Сайысты ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл ауқымды шараны өткізудегі мақсат -  баян-аккардеон өнерін дамыта отырып, сонымен қатар, облыстағы жастар арасынан талантты өнерпаздарды табу болып отыр. Өйткені, аталған аспап түрлері әр түрлі жанрдағы ансамбльдерде пайдаланылып жүр. Сондықтан оны дамытудың, жетік меңгерген жеке орындаушылардың өнерін насихаттауды маңызы зор.  Халықаралық сайыста Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келген орындау деңгейі жоғары 27 үміткер мен  8 ансамбль мүшелері өз бақтарын сынап көруде. Олардың өнерін бағалайтын қазылар алқасына Ресейдің халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Воронеж өнер академиясының профессоры  Александр Скляров төрағалық етіп отыр. Сондай-ақ, қазылар алқасының құрамында классикалық музыка саласының білікті мамандары мен мәдениет пен өнерге еңбек сіңірген қайраткерлер бар. 27 наурыз күнгі сайыстың ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қатысушыларға арнаған құттықтау хаты оқылған болатын. Төрт күнге созылатын халықаралық байқаудың қорытындысы  30 наурызда шығып, жеңімпаздар марапатталатын болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        ______    _____    ______    __   __    _  __  
       /_____//  |  ___|| |      \\  \ \\/ //  | |/ // 
       `____ `   | ||__   |  --  //   \ ` //   | ' //  
       /___//    | ||__   |  --  \\    | ||    | . \\  
       `__ `     |_____|| |______//    |_||    |_|\_\\ 
       /_//      `-----`  `------`     `-`'    `-` --` 
       `-`                                             
      
       
      Наверх