1 мая 2017, 4:33
      Денсаулық 27.03.2017, 15:32 0 пікір 245 просмотров

      Медициналық сақтандыру халық мүддесі үшін қажет

       Айта кетейік, елімізде алдағы шілде айынан бастап міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру  қорына  азаматтық – құқықтық  сипаттағы  шарттар бойынша  табыс  алатын жұмыс  берушілер, жеке  кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылар, адвокаттар, кәсиби медиаторлар, жеке тұлғалар   аударымдар  мен  жарналарды төлеуді  бастайды. Ал, 2018  жылдың қаңтар  айынан бастап әлеуметтік  аз  қамтылған  азаматтар үшін жарналар мемлекет тарапынан төленбек.


      Мамандардың пікірінше, медициналық сақтандырудың маңыздылығы сонда,   медициналық көмек қажет еткенде сақтандырылған жағдай бойынша науқасқа жинаған қаржы кепілдік болмақ. Ол қаржы тегін медициналық көмек алу үшін жұмсалады. Яғни, бұрын мемлекет есебінен жүзеге асырылған тегін медициналық қызмет түрлері енді сақтандыру жүйесі арқылы орындалатын болады. Бұл жөнінде Атырау  облыстық  офтальмологиялық  ауруханасының   аудит - дәрігері  Гүлнәр КАНАЕВА:

      - Еліміздегі міндетті медициналық сақтандырудың ерекшелігі мен артықшылығы - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жарнасын төлеуден азаматтардың 15 санаты босатылып отыр. Олардың ішінде балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар, ҰОС ардагерлері мен мүгедектері мен жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтар, зейнеткерлер,  арнаулы мемлекеттік қызмет және әскери,  құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен көптеген әлеуметтік осал топ өкілдері бар. Атап кететін жайт - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісім шарт  жасасқан кез – келген адам мемлекеттік  немесе жекеменшік емханада медициналық  көмек ал алады. Яғни, дәрігер қабылдауынан бастап, жан- жақты  тексерулер, қымбат  ота жасау қызметтері  шығыны  қор есебінен болмақ. Сондай-ақ, тегін және қолжетімді дәрі – дәрмектер  мемлекет белгіленген  ауру  түрлері  бойынша  тегін  дәрі – дәрмектер   алу  құқығы,  дәрі – дәрмектердің  сапасы мен қауіпсіздігіне  жауап беретін  еліміздің  барлық  дәріханаларында дәрілік заттар қолжетімді  болмақ. Қор дәрі - дәрмек құны мен дәріханалар қызметін өтейді. Бір сөзбен айтқанда Қор - сіздің құқығыңыз  бен мүддеңізді  қорғайды. Емдеуден бас тартқан  немесе  тиісті  қызмет  көрсетілмеген  жағдайда  Қор қызметіне  жүгіну керек. Ал,  Қор өз кезегінде емделушінің  құқығы  мен  мүддесін қорғау  үшін сараптама тағайындап, тиісті  шара қолданады, - дейді.  Еліміздің денсаулық саласына енгізілгелі отырған өзгерісті ақпараттандыру мақсатында облысымызда ауқымды шаралар жүргізілуде.  Ондай шара Атырау  облыстық  офтальмологиялық  ауруханасында да қолға алынды.  Күні  бүгінге  дейін  ауруханаға  емделуге  келген науқастарға   1000 дана  ақпараттық   парақшалар таратылып,  бейнеролик көрсетілді.  Медициналық қызметкерлер 6 семинар ұйымдастырып, онда міндетті әлеуметтік  медициналық сақтандыру жүйесі  жөнінде  толық ақпарат берілді. Қорыта келгенде айтарымыз, әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру тек қана мемлекет үшін емес, сонымен қатар халықтың мүддесі үшін қажет болып отыр. Сақтандыру жүйесі енгізілсе халықтың өзінің денсаулығына деген жауапкершілігі артып, көптеген ауруларды алдын ала анықтауға басқа да көптеген игі мақсаттарға қол жетпек.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
        _  __     ___     _    _     ______    _  _   
       | |/ //   / _ \\  | || | ||  /_   _//  | \| || 
       | ' //   | / \ || | || | ||   -| ||-   |  ' || 
       | . \\   | \_/ || | \\_/ ||   _| ||_   | .  || 
       |_|\_\\   \___//   \____//   /_____//  |_|\_|| 
       `-` --`   `---`     `---`    `-----`   `-` -`  
                                                      
      
       
      Наверх