23 тамыз 2017, 21:43
      Экономика 18.03.2017, 11:59 0 пікір 461 просмотров

      Атырауда сотталғандардың 46 пайызы жұмыс істейді

      Олар жыл сайын өздерінің қолөнер бұйымдарын Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаменті тарапынан ұйымдастырылатын көрме - жәрмеңкелерге шығарып, тұрғындарға ұсынып келеді. Биылғы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында тағы сондай шара өтті.


      Облыс әкімдігі ғимаратының «Атырау» мәдени орталығында өткен көрмеге УГ-157/9 және УГ-157/11, яғни ерлерге және әйелдерге арналған түзеу мекемелеріндегі жаза өтеуші сотталғандардың қолдарымен жасақталған бұйымдары қойылды. Сондай-ақ, осы мекемелердегі сотталғандарды ақылы жұмыспен қамтып отырған РМК филиалы және «ЭРТРИ», «Белый квадрат» «БУМ 2020», «Уразбаева», «Нейбарт» сияқты 17 кәсіпорын мен жеке кәсіпкерлер қатысты. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсенбаев көрмеде ұсынылған бұйымдармен танысып, пікірін білдірді.
      - Бүгінгі күні түрмеде отырған азаматтар үкіметтің қаражатына қарап отырмай, еңбек етіп келеді. Оларға қызмет түрлерін ұсынып отырған кәсіпкерлерге рахмет. Бұл біріншіден, өздеріңізге пайда болса, екіншіден, олар өмір бойы сол жерде отырмайды. Жазасын өтеп шыққаннан кейін кәсіпкерлікпен айналысуына да үлкен мүмкіндік. Түзету мекемелерінде әкімшіліктің жанынан бизнес-инкубатор өндірістік кешені де жұмыс жасауда. Олардың шығарған өнімдерінің қажеттілігі көп болғанымен істеген жұмыстары көзге көрінбей қалып жатыр. Сондықтан облыс әкімінің тапсырмасымен бүгінгі көрмені ұйымдастырып отырмыз. Кәсіпкерлер көріп, болашақта тапсырыстар беріп қалар деген үміттеміз, - деді ол. Жалпы, көрменің негізгі мақсаты облыстағы түзеу мекемелерінде жазаларын өтеуші сотталғандарға қосымша жұмыс орындары ашу және жеке кәсіпкерлердің шығарып жатқан өнімдерін кеңінен насихаттап, тұтынушылардың назарына ұсыну болғанын айтады Атырау облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Жангүл Утаралиева.
      -Мысалы, бір ғана «Еңбек Атырау» кәсіпорынында 167 сотталушы жұмыс жасайды. Оның 76-сы әйелдер. Көрмеге қызметкерлеріміздің жасаған барлық бұйымдарын алып келдік. Арнайы киімдер, балалар киімдері, кеңсе тауарлары, нан өнімін де жасап шығарамыз. Қазіргі таңда кәсіпорын облыстағы мұнай саласы қызметкерлерінің барлығын арнайы киіммен қамтып отыр. Биылғы жылы әйелдер колониясында етік тігіп шығаратын тағы жаңа қызмет түрі қосылмақ. Сотталғандарға жұмыс ұсынатын кәсіпкерлерге жеңілдіктер де қарастырылған. Яғни, біріншіден, кәсіпкерлер өндіріс аймағымен қоса қызметкерлерді төмен бағамен жалдай алады. Екіншіден, өндіріске күзет қоярда қаражатын үнемдей алады,- дейді бас маман. Көрменің тиімділігі сонда, көрмеге келген тұрғындар мен кәсіпкерлер қалаған бұйымдарға тапсырыс беруге мүмкіндік алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай көрмелер алдағы уақытта да ұйымдастырылатын болады.


      Гүлзада Қожабергенқызы

       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       ______      ___     _____       ___    __    __  
      |      \\   / _ \\  |  __ \\    / _ \\  \ \\ / // 
      |  --  //  / //\ \\ | |  \ ||  / //\ \\  \ \/ //  
      |  --  \\ |  ___  ||| |__/ || |  ___  ||  \  //   
      |______// |_||  |_|||_____//  |_||  |_||   \//    
      `------`  `-`   `-`  -----`   `-`   `-`     `     
                                                        
      
       
      Наверх