24 сентября 2017, 14:38
      Қоғам 18.03.2017, 10:32 0 пікір 327 просмотров

      Наурызды тойлау кезінде қалаішілік жолдардың қайсысы жабылады?

       Атырау қалалық әкімдігі мұнайлы өңірдегі «Ұлыстың Ұлы күн- Наурыз» мейрамын атап өтуге қатысты мереке күндерінде қаладағы қозғалысына шектеу қойылатын көлік жолдарын қаперге береді:


      «Қ.Сәтбаев көшесі мен Ә.Молдағұлова көшесінің қиылысынан бастап, Қ.Сәтбаев көшесінің Қ.Ерниязов көшесімен қиылысар тұсына дейінгі аралықтағы біржақты көлік қозғалысы уақытша жабылады.
      Орталық көпірдің Еуропалық бөлігінен төмен түскен барлық автокөліктер А.Пушкин көшесінен Б.Жарбосынов көшесіне дейін, одан әрі Қ.Ерниязов көшесінің қиылысына дейін айналма жолмен жүретін болады. Бұл тәртіп қоғамдық жолаушы тасымалы көліктеріне қатысты болмақ.
      Басқа бағыттағы қатынастарға тосқауыл қойылмайды. Қозғалыстың тежелуі ағымдағы жылдың 20 наурыз күні сағат 09.00-ден басталып, 23 наурыз күні сағат 09.00-ге дейін созылады.
      Аталған бағыттардағы жол қозғалыстарын шектеу жұмыстары мереке күндеріне жоспарланған шаралардың басым бөлігі орталық Исатай–Махамбет алаңында өтуіне байланысты болғандықтан, жол көлігі қауіпсіздігі жұмыстарына түсіністікпен қарауларыңыз сұралады»- делінген хатта.


      Г. ТӨРЕМҰРАТОВА


       

      Пікірлер

      Пікір қосу

      ДОБАВИТЬ ОБЪЯВЛЕНИЕ

       
      Введите пять букв размещенных внизу:
       _____      ______              ______   _    _   
      |  __ \\   /_   _//   ____     /_   _// | |  | || 
      | |  \ ||   -| ||-   |    \\    -| ||-  | |/\| || 
      | |__/ ||   _| ||_   | [] ||    _| ||_  |  /\  || 
      |_____//   /_____//  |  __//   /_____// |_// \_|| 
       -----`    `-----`   |_|`-`    `-----`  `-`   `-` 
                           `-`                          
      
       
      Наверх